Home » Мақалалар » Алтын күз

Алтын күз


Рамазанова Динара Маратовна

Нұр-Сұлтан қаласы
47 «Ақжелкен «балабақшасы
тәрбиеші

Алтын күз
Зал іші күз мерекесіне байланысты безендірілген.
Музыка әуенімен балалар залға кіреді.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Сіздерді «Алтын күз» мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, молшылық тілей отыра, бүгінгі мерекелік іс- шарамызды ашуға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші: Кездескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілген.
Ай жапырақ сары алтын,
Қуандырып біздерді.
Мерекелі күз келді.
Жүргізуші: Сары жібек көйлегін желбіретіп,
Жапырағын ағаштың селдіретіп.
Тойға бөлеп елімді күзім келді,
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.
Ән: «Күз тамаша»
Жүргізуші:
Бүгін мейрам, бүгін той,
Қуанышты күн біліп қой.
Алтын күзде бүгінгі
Ертегіні тыңдап қой.
Жүргізуші: Ерте, ерте ертеде ата шалқан егеді. Шалқан үлкен болып өседі.Ата шалқанды тартады тартады тарта алмайды. Сөйтіп әжені көмекке шақырады.
Әже: Әже келіп екеулеп шалқанды тартады тарта алмайды. Әже айтады мүмкін күз туралы тақпақ айтса мына балалар сонда шалқанды тарта алатын шығармыз.
Жүргізуші: Ендеше күз туралы тақпақтарды тыңдайық.
1.Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті Алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.

  1. Шоғы толған гүлдей жайнап,
    Жарқырады жарқын күз.
    Сайрандадың күліп ойнап,
    Келді міне Алтын күз.
  1.       Жемісі мол теретін,
    Күз дос екен бізбенен.
    Бәрін тауып беретін,
    Жомарт екен күз деген.
  1.     Алтын, сары, қызыл, көк,
    Алуан-алуан жапырақ.
    Күзгі бақта күлімдеп,
    Көз тартады жалтырап.
  1. Күн шуаққа маужырап,
    Жатыр еді атырап.
     Ағаштардан жамырап,
    шты кенет жапырақ.
  1. Ел егінді жинайды,
    Қамбаға астық симайды.
    Біздің дала бай дала,
    Алтын астық айнала.
  1. Күз айында,
    Алма, алмұрт піседі.
    Жапырақтар сарғайған,
    Сыбдыр, сыбдыр түседі.
  1. Мерекелі күз келді,
    Берекелі күз келді.
    Ойын ойнап көңілді,
     Қуанайық біз енді.

Жүргізуші: Күз туралы тақпақтарды тыңдасақта ата мен әже шалқанды тарта алмайды. Сөйтіп немересін шақырады. Үшеулеп тартады тарта алмайды. Мүмкін немере қызға арнап би билеп берерміз. Мүмкін сонда шалқанды тартып алатын шығар.
Би: «Қолшатыр»
Жүргізуші: ата, әже, немере қыз үшеуі енді итті көмекке шақырады.
Ит: шалқанды тартпас бұрын мен көңілімді көтергім келіп тұр.
Жүргізуші: ендеше итке арнап тақпақ, ән айтып берейік.
Тақпақтар: 6 бала
Ән: «Жау, жау жаңбыр»
Жүргізуші: ата,әже, немере қыз, ит төртеуі тартат тартат тарта алмайды, сөйтіп көмекке  мысықты шақырады.
Мысық: Бір көңілді ойын ойнап алайық сосын мен сіздерге көмектесемін.
Жүргізуші: Бесеуі әрі тартады бері тартады тарта алмайды. Көмекке тышқанды шақырады.
Тышқан: Мен мына балалармен бір би билеп күш жинап алайын. Сосын сіздерге көмектесемін.
Би: «Көкеністер»
Жүргізуші: Тышқан келіп барлығы қосылып тартып еді шалқанды суырып алып бәрі қуанды.
Жүргізуші: «Шалқан » ертегісінде ата рөлін сомдаған Н.Нұрислам. Әже рөлін сомдаған Б.Линара. Немере қыздың рөлін сомдаған Б.Алия. Иттің рөлінде ойнаған М.Мұстафа. Мысықтың рөлінде ойнаған С.Амирхан, Тышқанның рөлінде ойнаған Д.Амир.
Жүргізуші: Алақай, алақай балалар,
Күз келді бізге енді қараңдар демекші ортаға күз ханшайымын шақырайық.
Күз ханшайымы келеді қонақтармен балалармен амандасады, оларды құттықтайды.
Жүргізуші. Қош келдің күз ханшайымы біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.
Ән: «Алтын күз»
Тақпақтар: 6 бала
Би: «Парамен»
Ән: «Аружан»
Күз ханшайымы: Балалар сендер қандай керемет едіңдер менің көңілімді көтердіңдер, енді менің қайтатын уақытым келді сендер сияқты басқа балабақшада өздеріңдей балалар мені күтіп отыр. Сыйын беріп кетеді.
Жүргізуші:
Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз ырыс , береке, бірлік ала келді.
Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз» -атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.