Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
«№12 орта мектебі»
КММ бастауыш сынып мұғалімі
Есенова Алтын Онгарбаевна
Еліміздегі болып жатқан төтенше жағдайға байланысты карантин жарияланғаны бәрімізге белгілі. «Әрине қалыптасып отырған жағдай оңай емес,бұл бүкіл әлем мемлекеттеріне түскен үлкен ауыртпашылық. Бұл жұқпалы індет елімізді де айналып өтпеді. Дегенмен осындай сынақтан аман-есен өтудің бірден бір жолы, бір-бірімізді түсініп, бір- бірімізге қолдау көрсетіп,өзіміздің және өзгелердің денсаулығы үшін, індетті бірігіп жеңу.Үрейге бой алдырмай,жалған ақпараттарға сенбей,ұрпақтарымыздың болашағы үшін үйде отырып қауіпсіздігімізді сақтау. Үкіметіміз осы жағдайға байланысты білім саласына да бар мүмкіндіктерді жаратып беруде. Еліміздегі барлық мектептердің білім алушылары жаппай онлайын сабаққа көшті..Осы орайда білім министірінің оқушылар толыққанды білім алып оқуына бар мүмкіндіктерді қарастырды. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көп балалы аналарға өз мектептеріндегі техниканы таратып барынша жағдай жасауда.Әрине,қашықтықтан білім алу бұл мектеп қабырғасында білім алуменен бірдей емес. Бастапқыда барлық оқушылар үшін қалаберді ата-аналар үшінде оңай болмағаны анық, Қазақ халқында жақсы сөз бар «көш жүре түзеледі»демекші бұл қиындықтыда еңсеріп өтеміз. Қазіргі таңда оқушылар толыққанды онлайн білім алуда. Міне,онлайн білім алудың басталғанына төртінші аптаға қарап барады. Қарқын жаман емес бұл жағдайға да жайлап үйреніп кележатырмыз. Ең бастысы болашақ ұрпақ білімсіз қалмау керек, Мұны ата-ана да мұғалімде ескеру міндетті деп ойлаймыз.
Онлайн оқутудың бірден-бір оңтайлы тұсы оқушы мұғалімнен алған тапсырманы қабылдап, 24 сағат ішінде толыққанды орындап жіберіп отырады. Берілген тест сұрақтарын шешіп, түсінбеген жерлерін ата- ананың көмегімен,қалаберді үйіміздегі теледидарымыздың арналарынан күн сайын «Балапан» телеарнасы арқылы қазақ тілінде, және «Еларна » телеарнасы арқылы орыс тілінде көрсетіліп жатқан онлайн сабақтардан көріп, тапсырмаларын уақытылы жіберіп отырады. Қашықтан оқыуда оқушылар ZOOM жүйесі, Daryn онлайн,Watsapp желісі арқылы ата-аналарда дер кезінде жаңалықтарымен таныстырып отырады. Қалаберді тәжірибелі ұстаздардың бейне сабақтары түсіріліп қашықтан оқыту бойынша You Tube каналына жүктелген сабақтарды қарап қосымша машықтануда. Ұлы Абай атамыздың «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» демекші ұстаздар қауымының осындай қиын сәтте де мойымай ұрпақ тәрбиелеуде жалықпай еңбектенуде. Осындай қиын-қыстау шақта ұстаздарға артылар жүктің еселенері анық,дегенмен бірліктің,шыдамдылықтың арқасында бәрін жеңеміз.Біз біргеміз-біз үйдеміз.