Home » Мақалалар »        Қайталанбас ұлы тұлға    

       Қайталанбас ұлы тұлға    

Мен Әлімжан Құрметжан Қабайұлы атамды қайталанбас ұлы тұлға ретінде танимын, атамның өмірбаяны туралы айтып өтпекпін.

Салықжанов Әлімжан Салықжанұлы 1915 жылы Сарқан ауданы Көкөзек ауылында жарық дүние есігін ашады. Зерек бала Әлімжан оқуда озат, еңбекте алғыр, табиғатынан тумасы ерекше жан болып өседі. Талантты да, талабы зор жас ұлан 15 жасында Сарсенбина Ұлтуар жарымен отау құрады. Осылайша жас шаңыраққа сәби үні қосылып, Орынбасар атты қыз дүниеге келеді. Көп ұзамай жас әке 1942 жылы 27 жасында кенеттен басталған күйретуші күш, барды жоқ еткен, тауды жер еткен, жер  бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтқан тажал майданға аттанады.

Қазақстан халқы Отан қорғаушылар  қатарына өз еркімен жазыла бастады. Соның бірі болып атам да елін-жерін, Отанын қорғау үшін сұрапыл соғысқа аттанды. Ол 1942 жылы 17 шілдеде басталған  Сталинград түбіндегі кескілескен шайқаста  болады. Сталинград шайқасы түбінде Қазақстандық Салықжанов Әлімжан Салықжанұлы өзінің ерлігімен жауға қарсы тұрып, Еділ жағасындағы ірі операцияларда шешуші роль атқарған. Қазақ жауынгері Салықжанов Әлімжан Салықжанұлы Сталинград көшелерінде ерлікпен шайқасып, саусағына оқ тиіп, иығынан жараланады. Соған қарамастан, жас жауынгер соғыстың соңына дейін Отанын қорғады. 1945 жылы 9 мамыр Фашисттік Германияны тізе бүкендігі туралы шарттқа қол қойып, Қызыл Армия жеңіске жетіп, Ұлы Отан соғысы аяқталып, атам елге аман – есен жеңіспен оралады.

Соғыстан кейінгі жылдары қазіргі  Алматы облысы ,Ақсу ауданы ,Ақсу ауылында председатель болып қызмет етеді. Жолын күтіп үміті үзілмеген жарымен қызына майдангер жеңіспен қауышады.  Осылайша, отбасы 6 перзентпен: Төленді, Абай, Қабай атты ұлдармен,Орынбасар, Несіпбала, Үмітжан атты қыздармен толығады. Жауынгер тыныштық азат елде қалған өмірін отбасына арнайды. Ұл-қыздарын жақсыға баулып, ер жеткізіп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, қызығын көреді. Бүгінде ұрпағының тамыры тереңге жайылып үбірлі-шүбірлі. Алайда, 1993 жылы 11 наурызда 78 жасқа қараған шағында майдангер , жаста болса жауынгер атанған атам өмірден озды. Әйтсе де  атамның ерлегі елеусіз қалмады, Ұлы Отан соғысының ардагері атанды. Алайда, зұлмат жылдардың зардабын шегіп, алапат жалынды ауыздықтаған ардагер атамыздың бүгінгі таңда дүбірлі Отан соғысына 75 жылдық атаулы тойын тойлай алмауы қабырғамызды қайыстырады. Десек те ұрпақтары ардагеріміздің ерлігін батылдығын, ержүректігін, еліне, жеріне , Отанына  сүйіспеншілік-құрметін ешқашан ұмытпайды. Аманатын ақтап, мақтан тұтпақ. Аспан әрқашан ашық болу үшін барлық күшін сарп еткен ардагер атамызға мың да бір алғыс! Қайталанбас ұлы тұлға , мәңгі ел есінде.

  Немересі: Әлімжан Құрметжан Қабайұлы
            Алматы қаласы
Әуезов ауданы
№13 мектеп-гимназиясы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.