Алматы қаласы,
Алатау ауданы,
№151 жалпы білім беретін мектеп
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Бутабаева Алина Жумабаевна
2020 жылы 6 сәуірден бастап біз қашықтан оқыту технологияларын пайдалану арқылы оқуға көштік.Әрине бұл біз үшін күтпеген жағдай болды. Жүсіп Баласағұның мынандай бір қанатты сөзі бар ғой «Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз» деген, әрине бірінші орында біз өзімізден бастадық, қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін ұстаздар қауымы «Zооm» бағдарламасына тіркеліп кірдік, шынымды айтсам аздап қорқыныш болды, бірақ біздің мектеп директоры Молдабаева Гульшат Жаксылыковнаға және біздің әкімшіліктегі ұстаздарға рахмет барлық ұстаздар қауымын сабырға алып келді, осындай қиын қыстауда бір-бірімізге білгенімізді үйретіп, қолдау көрсету арқылы бұл қиындықтыда ұжыммен бірігіп жеңіп шығатынымызды түсіндіріп айтты, әрине біздің ұстаздар қауымы өте ұйымшыл барлығы бір ауыздан келісіп бір – бірімізге білгенімізді үйретіп, қолдау көрсетіп жұмысымызды бастадық.Демалыс кезінде «Zооm» бағдарламасы арқылы жие жиналыс өткізіп отырдық, көптеген жаңа ақпараттарды игеруді, қашықтықтан оқытудың түрлі платформаларын қолдану дағдыларын игердік, осылай біз өзіміз үйрену арқылы оқушыларды үйретуге, оқушыларға бар білгенімізді үйретуге кірістік.
Өз пәнім дене шынықтыру сабағында Kyndelik.rz, Whatsapp, электрондық оқулықтар және видеороликтер сияқты бағдарламаларды қолдандым.Аталған бағдарламалар өзара үйлесе отырып қашықтан оқытуға мүмкіндігін жасады.Оқушылармен және ата –аналармен байланыс тығыз болды. Мен сабақтың тақырыбына алдын – ала презентатция жасадым, бастауыш оқушылары болғандықтын презентатциямда балаларға қызық болсын деп ойын құрастырып отырдым, оқушыларға тақырыпқа байланысты видео сабақтарды байланыстырып жасадым, ізденіс арқылы тақырыпқа байланысты сілтемелер таптым, содан кейін оқушыларға Whatsapp желісі арқылы тақырыпқа сай тапсырмаларды жіберіп отырдым.Бұл әдістер оқушыларға өте ыңғайлы болды, оқушылар өз уақытарында кіріп көре алады, оқушылармен айтылым,тыңдалым өте жақсы жүріп жатты.Оқушыларда өз сұрақтарын қойып қызығушылықтары артта түсті, жаттығуларды қызыға орындап жатты, күнде менімен өздерінің жасап жатқан жатығуларының видеороликтерімен бөлісіп отырды.Дене шынықтыру пәні формативті бағалауды білдірмейтіндіктен, сабақ барысында белсенділік танытып отырған әр оқушыға түсініктеме жазып және өз суретімді қойып үстіне мадақтау жазбалар қойып, оқушылармен кері байланыс жүргізіп отырдым, оқушыларға ол бір жақсы мотивация болды.
Осындай кері байланыстар ала отырып ата- аналар менімен тығыз байланыста болды маған көптеген сұрақтар қоя бастады, тағыда тапсырмалар жіберуді сұрап отырды, жіберген ойындарды видеороликке түсіріп отырды, жалпы айтқанда оқушылардың күнде сабаққа деген қызығушылықтары арта түсті.Қашықтықтан оқыту ұстаздарға да қазіргі таңда белгілі бір тәжірибе болды. Абу-ль-Фарадж ал-Исфахани айтқандай «Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын, бар ынтасымен атқара білуі керек» деген барлығы өзімізге байланысты біз ізденіп, бар ынтамызды өз ісімізге арнасақ біз барлық істі атқара алады екенбіз.Егер мұғалім өзі жаңалықтар үшін ашық болса және өзгерістерден қорықпасақ, жаңа жағдайларға да көп ұзамай үйреніп кетеді екенбіз.