Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
«№12 орта мектебі»
КММ бастауыш сынып мұғалімі
Суиеуова Оразгуль Бекбауловна
Қазіргі кезде адамзат дамуының ерекше артықшылығы-ақпараттық өркениетке көшу, адамдардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін арттыратын есептеуіш техника мен ақпараттық технологиялардың жедел дамуы болып табылады.
Бүгінде қашықтықтан оқыту жүйесінің енгеніне бір айға жуық уақыт өтті. Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары да қашықтықтан білім беруді бастағаны баршымызға мәлім.Қашықтықтан оқыту-алғашында біраз қиындық тудырғанымен уақыт өте келе бұл жүйеге бейімделе бастадық.Енді бұл жүйенің маңыздылығына тоқталсақ.
Қашықтықтан оқытудың маңыздылығы – білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеру. Бұл оқушылардың және мұғалімдердің өздерінің әртүрлі жеке мүмкіндіктеріне сәйкес алуан түрлі білім беру бағдарламаларын жасау арқылы іске асырылады. Білім беруді жетілдірудің осы бағытындағы маңызды фактор болып оқушылардың қазіргі және болашақта қолданылатын информациялық коммуникациялық технологияларды (ИКТ) пайдалану арқылы оқуға деген өз ынтасын (мүмкіндігін), өздерінің жеке басының когнитивті іс-әрекет жасауға икемділігін қалыптастыру ісі саналады.
Қашықтықтан оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігін береді. Бұл жүйеде оқытушы оқушының жұмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Оқытушы оқушыға арналған өзіндік жұмыстарды ұйымдастырумен шұғылданады. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдануда оқытушының рөлі арта түседі және өзгереді. Осымен байланысты қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып жүргізілетін білім беру сапасын бақылауды дүрыс жүргізу және жүзеге асыру мәселесі туындайды.
Оқуту әдістерінің сапасы мен құрылымы қашықтан оқыту мен дәстүрлі оқытуда бірдей немесе кейбір жағдайларда қашықтан оқыту сапасы жоғары болғанын тәжрибелер дәлелдеп отыр. Дәстүрлі оқыту орталарына қарағанда жаңа электрондық технология оқушыны оқу процесіне белсенді қатыстырып қана қоймайды, сонымен қатар осы процесті басқаруға рұқсат етеді. Дыбыстың, қимылдың, образдың және мәтіннің интеграциясы жаңа, мүмкіндіктері мол, әдеттен тыс оқу ортасын қалыптастырады, оның даму барысында оқу процесіне қатысатын оқушы саны да арта береді. Қашықтан оқыту жүйесінде қоданылатын бағдарламалер мен ақпаратты жеткізу жүйесінгің интерактивтік мүмкіндіктері, көптеген дәстүрлі оқу орталарында мүмкін болмайтын кері байланыс орнататын және икемдеп отырады, тұрақты көмек пен сұхбатты қамтамасыз етеді. Қазіргі заманғы компьютерлік телекоммуникация білім және түрлі оқулық ақпарат беруде, дәстүрлі оқу құраладарымен бірдей, ал кейде одан да әсерлі.
Қашықтықтан оқытудың, оқудың:
— Заманға сай ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен құралдарды қолдануды үйрене отырып білім алу
— Сапалы, оңай, жеңіл әдістермен үйрену
— Уақыт үнемдеу;-сияқты бірнеше артықшылықтары бар.
Қорыта келе , қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдер мен оқушыларымыз әлемдік ақпараттармен байланысуға, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шындауга зор мүмкіндік алады.