Home » Жаңалықтар » Алматыдан сөйлеп тұрмын 01

Алматыдан сөйлеп тұрмын 01

Алматы қаласы Бостандық ауданы №22 мектеп-гимназиясында
«Критериалды бағалау жүйесіндегі цифрлық технологиялар» атты әдістемелік семинар өтті.
Семинарға басты арқау болған жүк «Алматы мектептері» бағдарламасын жүзеге асыру.

Сондықтан Білім басқармасы
Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы мен Бостандық ауданы №22 мектеп-гимназия ұжымы осы іс-шараны бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Кіріспе сөзді «№22 мектеп –гимназия» директоры Белбеуова Анар Жанахметқызы бастады.
Аталмыш мектептің жетістіктері мен жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Сондай-ақ семинар арасында Алматы қаласы Бостандық ауданы білім
бөлімінің басшысы: Қасымбек Айгул Жұмабекқызы.
Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының тәрбие бөлімінің әдіскері: Исатаева Ақерке Сағатқызы сөз сөйлеп, ұсыныстары мен тілектерін білдірді.

Кезегінде №22 мектеп-гимназия директорының орынбасары Ахмедьярова Раиса Булатқызы «Критериалды бағалау:
анықтамасы, ерекшеліктері, мақсаты, міндеттері және құрылымы» жайында сөйледі.

Ұстаз ұлы есім, оқытып қана қоймай бағалау жүйесі бары жасырын емес. Бағалау үдерісі күнделікті қалыптастырушы баға (формативті), бөлім жиынтығы, тоқсан жиынтығы (суммативті) болып үшке бөлінеді. Осындай бағалау кездерінде оқушылардың Тыңдалым, Оқылым, Айтылым, Жазылым дағдылардын дамыту басты назарға алынады.

Іс-шара мәресіне жетті. Басы қасында ыстығымен ысып, суығымен тоңған директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Амердинов Нурлан Нурдунович пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Хомулло Татьяна Аркадьевнаның есімдерін ерекше атап өтуді журналистік парызым деп санадым

«Білім айнасы»
Алматы қаласынан
Қуантай Амантайұлы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.