Home » Ашық сабақтар » Менің сүйікті қалам

Менің сүйікті қалам

Топ: «Солнышко» мектепалды  даярлық  тобы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің түрі: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Менің сүйікті қалам»

Мақсаты: Қала туралы қысқаша айта біледі.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.

Сәлеметсіздер ме, балалар

Қалдарың қалай?

1.Шаттық шеңбері

Балабақша армысың,

Сені қатты сүйемін.

Достарым менің бармысың,

Сендерді қатты сүйемін.

Бізге келген қонақтар,

Сіздерді қатты сүйемін.

  • Балалар сендер сыйлық алғанды ұнатасыңдар ма? Сыйлық алу үшін мен сендерге тапсырмалар дайындадым сол тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар сыйлықтарды абақтың соңында аласыңдар.

1 – тапсырма 

Сұрақтар – жауап. Ойын «Шатаспақ»

Мақсаты: сабақта өткен сөздерді есте сақтайды.

Шарты: көп суреттердің арасында тақырыпқа байланысты суреттерді  балалар тауып алып шеңберге тұрады. Балалар суреттерге байланысты сұрақтарға жауап береді.

— Балалар сендер қай қалада тұрасыңдар?

— Көкшетау қаласында  нелер бар?

— Көкшетау қаласы қандай?

2 – тапсырма  Көрме

Балалар мен сендердің ата  аналарыңа үй тапсырмасын берген болатынмын. Олар сендермен бірге қаладағы көрікті жерлерде түскен фото суреттерін беріп жіберіпті. Қазір сендер сол фото суреттерден көрме жасап қазақша айтып берулерің керек.

Көрме ұйымдастыру.

Ойын: «Менің қалам»

Шарты: Балалар шеңберге тұрады. Мұғалім мына сөздерді айтып:

Допты қолға аламын,

Балаларға беремін. – деп бір балаға береді. Допты алған бала мына сөздерді айтады :

Сүйікті қаламды,

Айтуға мен дайынмын — деп  өзінің суреті туралы қазақша айтып береді.

3 – тапсырма. Мнемокесте арқылы  тақпақ  жаттау.

Менде барын білдім мен,

Үлкен менің отбасым.

Жолыменен, орманы,

Даладағы масағы.

Көл мен аспан көгілдір

Мұның бәрі менікі,

Әсем қалам Көкшетау,

Сені қатты сүйемін!

4 — тапсырма Командалық  жұмыс. Балаларды екі командаға бөлу.

(Ұлдар), (Қыздар) командасы

Пазылды жинайды.

  1. Қопа көлі.
  2. Достық үйі

Схема бойынша (3-4 сөзден) сөйлем құрастырады.

Сұрақ: Неге «Достық» үйі деп аталады?

5 — тапсырма Балалар  сендер қандай ұлттық ойындарды  білесіңдер?

Шарты: Ойыншылар шеңбер құрып отырады. Ойын жүргізуші қолындағы тақияны бір қыздың немесе бір баланың артына қалдыру үшін шеңберді айналып, келесі сөздерді:

Аспаймын, саспаймын,

«Тақия тастамақ»ойынын бастаймын.

Біреудің артына келгенде,

Тақияны тастаймын — деп, бір баланың артына тақияны тастайды, өзі орынға отыру үшін жүгіріп кетеді. Тақияны тауып алған ойыншы соның артынан жүгіреді, ал қуып жете алмаса тапсырмаларды орындайды. (Тапсырмалар  бізде  өзгеше  біздің  Көкшетау қаласына  байланысты)

6 – тапсырма. Көкшетау туралы өлең білесіңдер ме?

Ән: «Көкшетау»

Жаса Кокшетау с:Иран Тасқара

1.Көкшетау-әсем қалама табынам       2. Көкшетау мәңгі махаббат бесігім,

Көлімді Қопа-алқа ғып тағынам.             Сал-серім елге белгілі есімің.

Ауасын жұпар көкірекке қондырып,       Әлемге аты әйгілі кербезім,

Нәр алам жасыл хош иіс бағынан.           Достарға ашық құшағың, есігің.

Қ-сы:

Жаса, жаса Көкшетауым,

Жасыл желек бауларың.

Жақсы көріп аялайды

Қоныстанған бар қауым.

Арайлаңшы, Көкшетауым,

Асқақтасын жыр – әнің,

Сенемін мен қасйетіңе,

Болашақтың жақ шамын.

Мұғалім: Балалар сендерге сабақ ұнады ма? Сабақта не ұнады? Балалардың жауаптары. Осымен сабағымыз аяқталды. Сендер жақсы жұмыс істедіңдер, сендерге үлкен рахмет мына сыйлықтарды қабыл алыңыздар.

7 – конверт. Балаларға сыйлықтар

 

Бейсенова Айнагүл Серікбайқызы, қазақ тілі мұғалімі
«Ақмола облысы білім басқармасының
Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы
Көкшетау қаласының «Алтын бала» балбақшасы МКҚК

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.