Home » Жаңалықтар » «Қыз өссе – елдің көркі» атты  «Мектеп Аруы – 2023» байқауының сценариі

«Қыз өссе – елдің көркі» атты  «Мектеп Аруы – 2023» байқауының сценариі

Астана қаласы Білім басқармасына қарасты
«№94 мектеп-гимназия» 
 КММ-нің мектеп
директорының тәрбие ісі
 жөніндегі орынбасары,
музыка мұғалімі
Жаманкараева Гулсан Кеншиликовна

Іс-шара барысы:

Фанфар ойнайды, жүргізушілер ортаға шығады

 Жүргізуші 1: Қайырлы күн! Армысыздар, қадірменді қонақтар, аяулы ұстаздар, әділ-қазы алқалары мен жеңістен үміткер қатысушы аруларымыз!

Жүргізуші 2: Иә, барша көрермендер мен тақымын қысып отырған жанкүйерлерге де тағы да қайырлы күн дегіміз келеді. Ұлттық құндылықтарды қастерлейтін, ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтын қыздарға дұрыс бағыт-бағдар сілтеу, жастар арасында ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттау,  жас буынды патриот етіп тәрбиелеу мақсатында өткізіліп жатқан «Қыз өссе – елдің көркі» атты «Мектеп Аруы – 2023» байқауына қош келдіңіздер!

Жүргізуші 1:

Арулар – аяулылар, ардақтылар,

Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.

Арулар – тіршілікке күре тамыр,

Өмірді бір-біріне жалғап тұрар! – демекші, бүгінгі сайысымыздың басты бейнелері, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып, бас бәйгеден үміттеніп бақтарын сынап келген аяулы аруларымызбен танысып, оларды сахна төріне шақырайық.

Жүргізуші 2: Ендеше, осы байқауға қатысатын, сайысымызға нәр беретін аруларымызды өздеріңіздің жалынды қошеметтеріңізбен қарсы алыңыздар.

Жүргізуші 1: Ал енді бүгінгі сайысымызда аруларымыздың өнерін әділ бағалайтын, қара қылды қақ жаратын қазылар алқасымен танысып өтейік:

__________________________________________________________________________________

Жүргізуші 2: Қазылар алқасымен танысып болсақ, ендеше аруларымыздың реттік нөмерін анықтау үшін қатысушыларымызды жеребе тартуға ортаға шақырамыз.

Жүргізуші 1: Аруларымыз ұсынылған қағаздардан біреуін таңдап, сондағы жазылған сандар бойынша өздерінің реттік нөмерлерін анықтайтын болады.

(реттік нөмерін анықтап, қазылар алқасы өздеріне жазып алады)

№1_______________________________________________________________________________

№2_______________________________________________________________________________

№3_______________________________________________________________________________

№4_______________________________________________________________________________

№5_______________________________________________________________________________

№6_______________________________________________________________________________

№7_______________________________________________________________________________

№8_______________________________________________________________________________

 Жүргізуші 1: Ал ендеше аруларымыздың реттік нөмерлерін анықтап болсақ, оларды сахна төрінен шығарып салып, сайысымыздың бірінші кезеңіне дайындала берулеріне рұқсат етейік.

Жүргізуші 2: Айтпақшы, бірінші кезең демекші, бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен барша көрермендерімізді таныстырып өтпейміз бе?

Жүргізуші 1: Иә, дұрыс айтасың. Ендеше таныстырып өтейік. Бүгінгі сайысымыз 5 кезеңнен тұрады. 1-ші кезең – «Мен қазақтың қызымын», яғни таныстыру кезеңі. Қатысушыларымыз өздерін 1.5 — 2 минут ішінде еркін форматта таныстырып өтеді;

Жүргізуші 2: Сайысымыздың 2-ші кезеңі «Өнерлі өрге жүзер» деп аталады. Яғни қатысушыларымыз өз тұла бойындағы таланттары мен өнерлерін ортаға салатын болады.
       Жүргізуші 1: 3-ші кезеңіміз – «Саусағынан бал тамған» деп аталатын үй тапсырмасы кезеңі. Қатысушыларымыз сайыстан алдын алған тапсырмалары бойынша өз үй тапсырмаларын қазылар алқасына ұсынатын болады. Ал біздің аруларымызға берілген тапсырма – өз қолдарымен үйлерінен тәтті тағам дайындап келу болатын .

Жүргізуші 2: Келесі 4-ші кезеңіміз «Білгенге маржан» деп аталады. Бұл кезеңде қатысушыларымызға қазылар алқасы тарапынан қазақтың мақал-мәтелдері, салт-дәтүрлері немесе ырым-тиымдары туралы сұрақтар қойылады.

Жүргізуші 1: Ал соңғы қорытынды 5-ші кезеңіміз «Қыздарға әсемдік жарасады» деп аталады. Бұл кезеңде біздің қатысушыларымыз кішігірім сән көрсететін болады.

Жүргізуші 2: Мінеки, сайысымыздың барша кезеңдерін көрермендерімізге түсіндіріп өттік. Ал ендеше сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Жүргізуші 1: Іс-шарамызды бастамас бұрын сайысымызды ашып беру үшін сөз кезегін мектебіміздің ___________________________________________________________________ ұсынамыз.

 (сөз сөйлейді)

Жүргізуші 1:

Сайыстың таныстыруын бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Сайыскерлер таныстырсын өздерін,

Білгірлерді ду қол соғып қостайық, — дей келе сайысымыздың бірінші кезеңін бастайық. Ендеше ортаға аруларымыз өздері таңдаған реттік сандары бойынша шығып, өнерлерін көрсететін болады. Сайысымызды бастайтын нөмері бірінші аруымызға сахна төрін ұсынамыз. (1-ші кезең)

(Арулар кезекпен өнер көрсетеді)

Жүргізуші 2:

Мың бұралып билеген, Аруды кім сүймеген…

Күміс көмей аруға, кімдер басын имеген.

Сайысымыздың екінші, яғни «Өнерлі өрге жүзер» атты кезеңін бастауға рұқсат етіңіздер. Әр қатысушы өздерінің бойындағы таланттары мен өнерлерін ортаға салатын болады. Ендеше сахна аруларымыздың еншісінде. (2-ші кезең)

(Арулар кезекпен өнер көрсетеді)

 Жүргізуші 1: Қазақ халқы үшін дастарханнан үлкен нәрсе жоқ. «Анасын көріп, қызын ал. Ыдысын көріп, асын іш» демекші қыздарымыздың бал саусақтарынан тәтті тағамдар жасалған үй тапсырмасына да келіп жеттік. Ендеше 3-ші кезең – «Саусағынан бал тамған». Аруларымыз әділ-қазы алқаларына үйлерінен алдын-ала дайындалып келген тәттілерін ұсынатын болады. Ендеше аруларымыз өз тағамдарын сіздерге ұсынғанша, кезекті керемет әнге берейік. (3-ші кезең) (ән айтып жатқанда арулар жюриларға тағамдарын апарады)

НОМЕР: Ән

Жүргізуші 2:

Жас ару – жас ғұмырдың талғамысың,

Қуантқан әрбір үйді арманысың.

Дәл бүгін қанат қомдап сыналарда

Сан сұрақтан сүрінбей самғап ұшқын, – дей келе «Білгенге маржан» атты 4-ші сұрақ-жауап кезеңімізге шақырамыз. Аруларымыз кезекпен қазылар алқасының алдында тұрған қазақ халқының салт-дәстүріне және мақал-мәтелдеріне қатысты сұрақтарға жауап беретін болады. Жоғары ұпай 5 ұпай.

Жүргізуші 1: Ескере кететін жайт, сұрақтардың ішінде 1 бос парақ бар, ол тосынсый деп аталады. Яғни, сол нұсқаны таңдаған аруға ешқандай сұрақсыз 5 ұпай қосылатын болады. Ендеше аруларымызға сәттілік тілеп, нөмері бірінші аруымызды сұрақ алуға шақырайық. (4-ші кезең).

(Сұраққа жауап беріп болған қыздар киімдерін ауыстырып сән көрсету кезеңіне дайындала береді)

Жүргізуші 2:

Екі шектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра,

Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра! — демекші, қатысушыларымыз келесі кезеңге дайындалып болғанша, келесі кезекті қара домбыраның қоңыр үніне берейік. Ендеше қарсы алыңыздар, алдарыңызда_____________________________________________________________________________

НОМЕР: Домбыра

Жүргізуші 1:

Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын.

Ақ жүзі мен көркіне арулардың,

Барша жандар қызығып қарасатын, — дей келе сайысымыздың соңғы қорытынды кезеңіне де келіп жеттік. 5-ші кезең – «Қыздарға әсемдік жарасады» деп аталады.

Жүргізуші 2: Бұл кезеңде аруларымыз өздерінің көркі мен сұлулығын танытып, кішігірім сән көрсететін болады. Қазылар алқасы қатысушылардың сырт-бейнесі мен жүріс-тұқрысына баға беретін болады. Егер аруларымыз дайын болса, реттік нөмерлері бойынша ортаға шақырамыз.

 

(Жүргізушілер ФИО оқып тұрады, музыкамен бірге қыздар сән көрсетеді)

 

Жүргізуші 1: Осымен біздің сайысымыздың кезеңдері аяқталды, қатысушыларымыз өздерін жан-жақты тұстарынан көрсетіп, көрермендерді таңқалдыра білді деген сенімдеміз.

Жүргізуші 2: Ал ендеше бүгінгі сайысымыздың қорытынды шешімін шығару үшін қазылар-алқасына кішкене уақыт берейік, бірақ-та шешім шығару анау айтқан оңайға соқпайтыны анық. Себебі бүгінгі қатысушыларымыздың сұлулықтары да, көрсеткен өнерлері де бірінен-бірі асып тұр.

Жүргізуші 1:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам, — демекші, расында да қазақтың аруларына таңдай қағып, қайран қалмасқа амал жоқ емес пе, ендеше қазылар алқасы өз қорытынды шешімдерін шығарғанша сахна төріне мың бұралған биші қыздарымызды шақырамыз.

НОМЕР: Қазақша би

Жүргізуші 2: Ал құрметті көрермендер және де қымбатты жанкүйерлер. Бүгінгі сайысымыздың ең маңызды сәтіне де келіп жеттік.

Жүргізуші 1: Иә, дұрыс айтасың. Бәріміз де асыға күткен сәт, ендеше кіл жүйріктің ішінде кім жүйрік екенін білу үшін сөз кезегін қазылар алқасына ұсынайық.

(Марапаттау)

Жүргізуші 2: Мінекей, қызыққа және тартысқа толы бүгінгі сайысымыздың шын жеңімпаздарын да анықтадық. Жарыс бар жерде жеңіс те, жеңіліс те қатар жүреді емес пе. Дегенмен де, бүгінгі қатысушыларымыздың қайсысы болмасын, барлығы да жеңімпаз болуға лайықты. Сондықтан да бүгінгі қатысушыларымызды жүлделерімен тағы да құттықтаймыз!

Жүргізуші 1: Иә, дұрыс айтасың, «жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» — демекші, тек жүйріктер мен үздіктер қатысқан бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де жетіп қалды. Ден қойып тыңдап, көңіл қойып тамашалағандарыңыз үшін көптен-көп алғыс білдіреміз.

Жүргізуші 2: Шынайы қолдап, жанкүйер болып келгендеріңіз үшін де шын жүректен қуаныштымыз. Ендеше іс-шарамыз осымен аяқталды, келесі кездескенше күн жақсы,

БІРГЕ: Қош сау болыңыздар!

 

 Сұрақ-жауап.

№1 билет

1.   Енші деген не? ( балалары ержетіп үй болғанда ата — анасы оған дүние мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады. Бұны енші деп атайды)

2.   Мақалды жалғастыр. Әке көрген оқ жонар….. (шеше көрген тон пішер)

№2 билет

3.   Байғазы деген не? ( балалардың, жастардың жаңа киім үшін ( мысалы: жаңа көлік, диплом) берілетін ақшалай, заттай сыйлық.

4.   Мақалды жалғастыр. Баланың ұяты әкеге…..( қыздың ұяты шешеге)

№3 билет

5.   Ерулік деген не? ( Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрынан тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады)

6.   Мақалды жалғастыр. Балапан ұяда не көрсе….. ( Ұшқанда соны іледі)

№4 билет

7.   Көрімдік деген не? ( Жаңа туған балаға, жас келінге, құдасына, күйеуге беріледі. Мұның маңызы жақын жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын танытудың белгісі ретінде қаралады)

8.   Мақалды жалғастыр. Астың дәмін тұз келтірер….. (Ауылдың сәнін қыз келтірер.)

№5 билет

9.   Бастаңғы деген не? ( үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың басы ауырмасын және жолдары жеңіл болсын деген ниетпен бас қосып ойын — сауық құрады)

10.Мақалды жалғастыр. Әдепті бала — арлы бала….. ( Әдепсіз бала – сорлы бала)

№6 билет

11.Сыбаға деген не? ( құрметті қонаққа н\е өздерінің жақын жуығына арнап сақталған кәдені ет мүшелерін сыбаға деп атайды. Үлкен ақсақалдарға, құдаларға, жолы үлкен адамдарға сыбаға әдеті сақталады.)

12.Мақалды жалғастыр. Атаңның баласы болма…..( адамның баласы бол)

№7 билет

13.Ат тергеу деген не? (Қазақтарда әйелдер күйеулерінің туысқандарын атымен атамайды. Оның ағаларына, әпкелеріне еркелету атауларын ойлап табуы керек. Келін жаңа туысқандарын «мырза қайнаға», «бай атам», «би аға», «тентегім», «еркежан», «сырғалым», «шашбаулым» деп атайды.)

14.Мақалды жалғастыр. Қыздың аңқауынан сақта… (ұлдың жалқауынан сақта.)

№8 билет

15.Жарыс қазан деген не? Әйелді толғағы қысып жатқан уақытта оның жақын туыстары, әсіресе әйелдер қазанда қонақтарға арнап ет пісіріп қою керек. Егер әйел қазан қайнағанға дейін баланы туса оны жақсыға ырымдайды.

16.Мақалды жалғастыр. Қызсыз үйдің жүгі жиылмас… (ұлсыз үйдің малы қайырылмас)

№9 билет

17.Бәсіре деген не? Баланың дүниеге келуі малдың төлдеуімен сәйкес келгенде, балаға жаңа туған құлын, қозы немесе лақ сыйлаған. Бұл оның кішкентайдың бірінші заңды меншігі болып саналатын. «Бәсіре» ешқандай жағдайда сатылмаған.

18.Мақалды жалғастыр. Қызың жақсы болса үйіңе ырыс кірер… (жаман болса ұрыс кірер.)

№10 билет

19.Иткөйлек деген не? Өмірдің алғашқы 40 күнінде сәбиге кигізген көйлектің бірін арнайы рәсім үшін пайдаланды. Оған тәттілерді орап, ауыл иттерінің мойынына байлап жіберетін. Осы сәтті асыға күткен балалар бірден итті ұстап, бір-бірімен тәттілерді бөліседі. Баласыз әйелдер де балаларды тамақтандыратын. Мұндай көйлек сәттілік әкеліп, олар көп ұзамай балалы болады деген ырым болған.

20.Мақалды жалғастыр. Қызсыз үйдің жүгі жиылмас… (ұлсыз үйдің малы қайырылмас.)

 

Сұрақ-жауап.

1.            Енші деген не? ( балалары ержетіп үй болғанда ата — анасы оған дүние мүлік, мал беріп, отау тігіп жеке шығарады. Бұны енші деп атайды)

2.            Мақалды жалғастыр.

3.            Байғазы деген не? ( балалардың, жастардың жаңа киім үшін ( мысалы: жаңа көлік, диплом) берілетін ақшалай, заттай сыйлық.

4.            Мақалды жалғастыр.

5.            Ерулік деген не? ( Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрынан тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады)

6.            Мақалды жалғастыр.

7.            Көрімдік деген не? ( Жаңа туған балаға, жас келінге, құдасына, күйеуге беріледі. Мұның маңызы жақын жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын танытудың белгісі ретінде қаралады)

8.            Мақалды жалғастыр.

9.            Бастаңғы деген не? ( үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың басы ауырмасын және жолдары жеңіл болсын деген ниетпен бас қосып ойын — сауық құрады)

10.    Мақалды жалғастыр.

11.            Сыбаға деген не? ( құрметті қонаққа н\е өздерінің жақын жуығына арнап сақталған кәдені ет мүшелерін сыбаға деп атайды. Үлкен ақсақалдарға, құдаларға, жолы үлкен адамдарға сыбаға әдеті сақталады.)

12.            Мақалды жалғастыр.

13.            Ат тергеу деген не? (Қазақтарда әйелдер күйеулерінің туысқандарын атымен атамайды. Оның ағаларына, әпкелеріне еркелету атауларын ойлап табуы керек. Келін жаңа туысқандарын «мырза қайнаға», «бай атам», «би аға», «тентегім», «еркежан», «сырғалым», «шашбаулым» деп атайды.)

14.            Мақалды жалғастыр.

15.            Жарыс қазан деген не? (Әйелді толғағы қысып жатқан уақытта оның жақын туыстары, әсіресе әйелдер қазанда қонақтарға арнап ет пісіріп қою керек. Егер әйел қазан қайнағанға дейін баланы туса оны жақсыға ырымдайды.)

16.            Мақалды жалғастыр.

17.            Бәсіре деген не? (Баланың дүниеге келуі малдың төлдеуімен сәйкес келгенде, балаға жаңа туған құлын, қозы немесе лақ сыйлаған. Бұл оның кішкентайдың бірінші заңды меншігі болып саналатын. «Бәсіре» ешқандай жағдайда сатылмаған.)

18.            Мақалды жалғастыр.

19.            Иткөйлек деген не? (Өмірдің алғашқы 40 күнінде сәбиге кигізген көйлектің бірін арнайы рәсім үшін пайдаланды. Оған тәттілерді орап, ауыл иттерінің мойынына байлап жіберетін. Осы сәтті асыға күткен балалар бірден итті ұстап, бір-бірімен тәттілерді бөліседі. Баласыз әйелдер де балаларды тамақтандыратын. Мұндай көйлек сәттілік әкеліп, олар көп ұзамай балалы болады деген ырым болған.)

20.            Мақалды жалғастыр.

 

5 комментариев

  1. Кулжамила Кусейовна

    Kulzhamila1564@mail.ru

  2. Әріптестер осылай тәжірибемен бөлісіп отырған қандай керемет!

  3. Ботагөз

    Өте жоғары деңгейде жасалған әзірлеме! Бөліскеніңізге рахмет! Гүлсан Кеңшілікқызы еңбегіңіз жемісті болсын!

  4. Кенжебек

    Жарайсың Гүлсан Кеңшілікқызы

  5. Қандай керемет,дайын сценарий, жомарт екенсің.Алла еңбегіңнің тек жемісін көрсетсін! Өте мықты еңбек!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.