Home » Жаңалықтар » ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕР  БОЙЫНША  ТҮРЛІ  ӘДІС-ТӘСІЛДЕР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ  ФУНКЦИОНАЛДЫҚ  САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕР  БОЙЫНША  ТҮРЛІ  ӘДІС-ТӘСІЛДЕР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ  ФУНКЦИОНАЛДЫҚ  САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

      Бүгінгі таңда оқушылардың белсенді ақыл-ой әрекетін дамыту үшін түрлі оқыту әдістері қолданылады. Сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдердің көмегімен балаларда алынған ақпаратты талдау, салыстыру, жалпылау, проблемаларды көру және оларды шешу жолдарын іздеу, эксперимент жасау және оны жүргізу қабілеттері қалыптасады. Осыған орай экология негіздері үйірме сабағында түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту барысында біршама зерттеулер жүргіздім. Экологиялық білімді бала санасына мектеп жасынан қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға баулу арқылы экология білімдерін тереңдете игерту қажет. Сабақ барысында оқушылардың ситуациялық ойлауы, сыни ойлауы, оқу және әлеуметтік позициялау тәжірибесі кеңейеді.  Алған білімі арқылы оқушының шығармашылық және рефлексивті қабілеті қалыптасады. Экологилық білім беруде түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытады, сонымен қатар құзіреттілігін қалыптастырады. Сондықтан сабақта жаңа инновациялық технологияларды қолдану оқушының функционалдық сауаттылығын дамытуға мүмкіндік береді.Функционалдық сауаттылықты дамыту процесі экология білім негіздері бойынша білім, білік, дағдыға негізделген оқу пәндері, яғни биология, химия, физика, география арқылы ойлау қабілетін қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады.

Сабақ барысында басты міндетті атқаратын оқушылардың белсенді ақыл-ой әрекетін қажет ететін оқыту әдістері мен тәсілдері. Себебі әдіс-тәсілдердің көмегінің арқасында оқушылардың ақпаратты талдау, салыстыру, жалпылау, проблемаларды анықтау және оларды шешу жолдарын іздеу, эксперимент жасау және оны жүргізу әдістемесін сипаттау қабілеттері қалыптасады. Сабақта оқушылар экологиялық білімдерін жетілдіріп қана қоймай, әртүрлі қолданбалы іс-әрекеттерді орындай отырып, түрлі зерттеу жұмыстарын қорытындылап, нақты дәлелдер келтіреді және де дүниені танып білуге деген құштарлығы, қызығушылығы, ынта-ықыласы артады. Экологиялық білім-табиғатпен, әлеуметтік, экономикалық және саяси құбылыстар арасындағы өзара байланысты, олардың адам өмірінің сапасына және оның қоршаған ортасының сапасына тигізер әсерін түсінуді, экологиялық ойлауды меңгертеді.

Экологиялық білімді жоғары деңгейде жүзеге асыру үшін оның мақсаттарын, міндеттерін, жүйелік орнын, мазмұнын таңдау және әдістемелік қолдау тәсілдерін анықтаған жөн.Яғни сабақтың жүйелілігі:

Мақсаты: Экoлoгиялық бiлiм мeн caнaны  мeктeп жacынaн қaлыптacтырып, қoршaғaн oртaны қорғауға баулу арқылы экoлoгия негіздері бiлiмдерін тереңдете игерту.

Міндеттері:

— Oқyшылapдың iздeнiмпaздық қacиeттepiн ұштау, шығapмaшылыққa жeтeлey;

— Интeллeктyaлдық дaғдылapын қaлыптacтыpа отырып танымдық  деңгейін кеңейту;

— Aлғaн бiлiмдepiн дүниe жүзiндe бoлып жaтқaн ғaлaмдық пpoблeмaлapмeн бaйлaныcтыpa oтыpып, oл жөнiндe өз oйлapын, пікірлерін дәлелер келтіре отырып aйтa бiлyгe үйpeтy.

Өзектілігі:

— Бағдарлама барысында оқушы өз ойын толық жеткізе отырып, «Жас эколог» үйірмесінің атқаратын қызметін толық біліп, білімдерін, шеберліктерін шыңдап, оқу барысындағы алған білімдерін іс жүзінде өмірде қолдана алады.

— Оқушылардың ситуациялық ойлауын, сыни ойлауын, оқу барысындағы позициясын, өмірлік

көзқарастарының қалыптасуын дамытады, сонымен қатар қоршаған ортадағы практикалық

тәжірибелерді жүргізуге және жобалардыорындауға мүмкіндік беріледі.

— Оқушылар теориялық білімін практикамен ұштастыра отырып, жетістіктерге жете алады. Өздерінің әрбір жасаған жұмыстарына анализ жасай алады.

Мұнда:

* Бала мектептегі кезеңнен бастап табиғатпен және оның заңдары,  принциптерімен үйлесімді өмір сүруді үйрену керектігін түсінеді.

* Жергілікті және ғаламдық экологиялық проблемалар мен олардың себептерін білу оқушыларға табиғатты ұтымды пайдаланумен қатар ұқыпты қарау туралы ойлауға мүмкіндік береді.

*Экологиялық білім — оқушыға физикалық  және рухани денсаулық туралы білімнің қалыптасуына, денсаулығының жай-күйін, өмір салтын және қоршаған ортаны бағалай білуге бағыт-бағдар береді.

Қорыта келе, экономика негіздері сабағы табиғатты бақылау және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы арқылы оқушы өзінің ізденімпаздық қасиетін кеңейтеді, білім көлемін арттырады, сөздік қорын байытады және өзін жетілдіреді.Көптеген ақпарат көздерін пайдалану, баланың табиғатты қорғау саласы бойынша дүниетанымының дамуына мүмкіндік береді және қоршаған ортаны қорғауда белсенділік ұстанымды қалыптастырады.

Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты
№2 мамандандырылған үш тілде оқытатын
мектеп-интернатының биология пәнінің мұғалімі
Торпақова Зухра Қыдырбаевна

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.