Ұстаз-адам бағдарын жасаушы. Ұстаз болу-жай ғана мамандық емес. Ол басқа мамандықтарға қарағанда, ең қиыны, ең ізгілікті мамандықтардың бірі. Адам жанын нұрландыратын да, шабытттандыратын да-ұстаз.
Әр шәкірттің жүрегіне нұрын себетін аяулы тұлға боп саналады. Сондай аяулы ұстаздардың бірі –Бекмұрат Уахатов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бикеева Қарлығаш Доскеновна. Ол қазіргі заманның талабынан қалмай үнемі ізденісте жүретін шығармашыл ұстаз. Әр сабағында оқушыларының қызығушылығын, белсенділігін арттыруда тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып жүрген жаңашыл ұстаз.
Қарлығаш Доскеновна біздің мектептің білім жетілдіруіне және оқушылардың тәрбиесіне заман талабына сай шығармашылықпен жүргізуіне баса мән береді. Еңбек жолында талай жетістіктерге қол жеткізді. Яғни, республикалық, облыстық, аудандық сайыстарға қатысып, алғыс хаттар мен марапттауларға ие болған.
Қарлығаш Доскеновна заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де, білікті ұстаз.
Павлодар облысы, Аққулы ауданы, Мерғалым ауылы
Бекмұрат Уахатов атындағы орта мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Омарханова Райхан Жанатұрмысовна