Home » Жаңалықтар » Ұстаз деген ұлы есім

Ұстаз деген ұлы есім

«Ұстазды алтын діңгекке теңер едім»,-деп ұлы педагог Ы.Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы-қиыншылығы мен қызығы ерекше бір мамандық деуге болады. Білім беру аясында білімді де білікті,өз мамандығының шебері кәсіби ұстаздар жетерлік. Солардың бірі-Бекмұрат Уахатов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Салимова Мейрамгуль Сагдатовна. Көп жылдар бойы ұстаздық ұлы жолында өзіндік айшық еңбегімен дараланған-ерекше ұстаз. Мейрамгуль Сагдатовна өз ісіне берілген, шәкірттеріне білім нәрімен сусындата білген ұлағатты ұстаз. Оқыту мен тәрбиелеуді қатар алып, ұйымдастырушылық шеберлігімен ерекшеленген ұстаз.

Ол- Мерғалым елінің тумасы. Жастайынан білімге құштар Мейрамгуль Сагдатовна мұғалім болуды армандаған. Сол арманның жетегімен жас қыз Павлодар педагогикалық колледжіне оқуға түседі. Оқуын бітіріп, білімді жас маман ұстаздық еңбек жолын ауылының мектебінен бастайды. Мектепте қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі боп қызметке орналасады.Еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, республикалық, облыстық, аудандық сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. Алдына келген қаншама  шәкірттерді ұшырды. Саналы тәрбие мен сапалы білім беруде  аянбай қызмет атқаруда.

Қазіргі таңда Мейрамгуль Сагдатовна мектебіміздің алдыңғы озық мұғалімдердің қатарында. Бойына сіңген ерекше қарапайымдылығы ұстаздар мен ата-аналар алдында беделі бар ұстаз.

 

Павлодар облысы, Аққулы ауданы, Мерғалым ауылы

Бекмұрат Уахатов атындағы орта мектебінің

 биология пәнінің мұғалімі

Жаминова Гульжан Бахытовна

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.