Нұр-Сұлтан қаласы
№67 гимназияның директордың
бейіндік ісі жөніндегі орынбасары
Жолбасова Алтынай Серікбекқызы
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында оқушыларды кәсіптік бағдарлау принциптері қамтылған. Қазіргі заманымызда оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру әрбір ұстаздардың алдына қойған басты мақсаты деп ойлаймыз. Ал енді сонымен бірге білім және тәрбие берумен қатар оқушыларға кәсіптік білім беру көптеп қолға алынып жүр. Оқушылар мектеп бітірісімен белгілі бір кәсіп иесі болу керек. Бірақ оны іске асыру үшін және кәсіптік мамандық игермес бұрын кәсіптік бағдар жұмыстарына үлкен көңіл бөлу қажет. Себебі оқушылардың кәсіптік ынтасын, икемділігін білмей кәсіпке баулу мүмкін емес. Осы кәсіптік бағдар жұмыстарын бүгінгі таңда қашықтық оқыту барысында қалай іс жүзіне асыруға болады? Нәтижесінде нені көруге болады?
Жалпы білім беретін жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру процесін бақылау, бағалау және болжау жолдарын айқындау қажет болды. Бұл жерде педагог қызметкерлерге қашықтықтан оқытудың қолайлы, қолжетімді, ыңғайлы түрлі қосымша электрондық, сандық білім беру ресурстары көмекке келді. Мұғалімдер қашықтан оқыту барысында білім берудің түрлі әдіс-тәсілдерін қарастыра отырып, балалармен тікелей байланысқа шығу жолдарын игерді. Ол ZOOM, Google meet т.с.с. платформалары өз нәтижелерін бере бастады.
Мектеп бітіруші түлектеріміздің қажеттіліктеріне сай кәсіби бағдар беруде жоғарғы оқу орындары мен арнайы орта білім беру ұйымдарының педагогтарымен, білім алушылар және олардың ата-аналарымен кері байланыс жүзеге асырылды. Директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды пайдалана отырып, кәсіби бағдарлық іс-шаралар үшін контент әзірленіп, іс-шаралар қашықтықтан өткізілді (әлеуметтік желілер, мектеп сайты және т. б. ); әлеуметтік желілерде өткізілген іс-шаралар туралы ақпараттар мектеп сайтында орналастырылды.
Биылғы оқу жылы өзгеше аяқталып, оқушыларымыздың кәсіптік оқу орындарына түсу жолдарында ерекшеліктер болғанымен олардың үлкен маман иелері болып шығатындарына сеніміміз мол.