Қазақстанның құрама командасы химия пәнінен Халықаралық олимпиадаға қатысты (International Chemistry Olympiad-IchO).
Олимпиада қорытындысы бойынша құрама команда 4 қола медаль жеңіп алды. Covid-19 коронавирустық инфекция пандемиясы жағдайында халықаралық жарыс қашықтан өтті.
Олимпиадаға әлемнің 60 елінен 200-ден астам оқушы қатысты. Қазақстан осы турнирге іріктеу турлары мен Менделеев олимпиадасының жалпы рейтингісінің нәтижелері бойынша құрама команданың мүшесі болған 4 конкурсантты ұсынды.
Олимпиада қорытындысы бойынша құрама команданың барлық мүшелері қола медальға ие болды. Жеңімпаздар қатарында – Павлодар қ. химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ-ның оқушысы Қайырбек Хайдар – қола медаль; Нұр-Сұлтан қ. химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ-ның оқушысы Мужубаев Әбілмансұр – қола медаль; Сейсенқұл Бақдәулет (Нұр-Сұлтан қ. дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы) – қола медаль; Алматы қ. «Galaxy» халықаралық мектебінің оқушысы Абдугафарова Кибриянур – қола медаль.
Құрама команданың жаттықтырушылары – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің химиялық инженерия магистрі Ернұр Төлеп пен «Назарбаев Университетінің» магистранты Әзім Аманжоловтың жұмысының арқасында қазақстандық оқушылар химия пәнінен 52-ші халықаралық олимпиадада елімізді лайықты деңгейде көрсете білді.
Жалпы Халықаралық химиялық олимпиада (International Chemistry Olympiad-IChO) – бұл дарынды оқушыларға арналған химия пәні бойынша жыл сайынғы халықаралық олимпиада.
ҚР БҒМ баспасөз қызметі