Home » Балабақша » Қашықтықтан оқытудың пайдасы . 

Қашықтықтан оқытудың пайдасы . 

Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
«12 мектеп жалпы білім беру
Орта мектебі»
Бастауыш сынып мұғалімі
Оразова Күміс Амангалыевна

Қорыта айтқанда, қашықтықтан оқыту қазіргі заман талабы болса, оны ұйымдастыруда ең бастысы электрондық материалдар, қашықтан оқытудың дидактикалық жасалымы, педагог-үйлестірушілерді дайындау болып табылады. Бұл біліктілігі жоғары, зияткерлік және кәсіби деңгейі дамыған, халықаралық дәрежедегі бәсекеге төзімді қоғам құруға зор көмегін тигізеді. 

Қашықтықтан оқыту технологиясының артықшылықтары:

 Заман талабына сай ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен құралдарды қолдану;

Интерактивті әрекеттесу формалары;

Сапалы білім алу;

Уақытты үнемдеу;

Ыңғайлы уақытта оқу;

Территориялық шектеулер жоқ;

Денсаулық күйі бойынша шектеулер жоқ.

         Бұл оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігін береді. Бұл жүйеде мұғалім оқушының жүмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Білім беру жүйесінің ортасында оқушы тұратынын ескерсек, оқыту жүйесі тұтасымен өзгереді. Мұғалім оқушыға арналған өзіндік жұмыстарды, тәрбиеге қатысты жұмыстарды  ұйымдастырумен шұғылданады. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану да мұғалімнің рөлі арта түседі және өзгереді.

 Қашықтықтықтан оқыту технологиясы – оқушы дайындау мен олардың біліктілігін әрі қарай тереңдете арттыру бағытындағы осы заманның ең әсерлі де тиімді жүйесі болып табылады және болашақта алатын орны орасан екені даусыз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.