Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен «12 жылдық білім беру мазмұны» тақырыбында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова, қоғам белсендісі Гүлнар Омарова, Экономика, бизнес және құқық еуропалық жоғары колледжінің құрылтайшысы Талғат Төремұратов, білім беру менеджменті Phd, Экономика, бизнес және құқық еуропалық жоғары колледжінің менеджері Башир Алию, тарих ғылымының магистрі Тамерлан Алгалиев және Академия ғалымдарының қатысуымен бірлескен отырыс өтті.
Басқосу барысында 12 жылдық білім беру мазмұнының тұжырымдамалық негізі талқыланды. Қатысушылар12 жылдық мектепке көшу кезінде шетелдік мектептердің тәжірибесінің ұтымды тұстарын, озық тәжірибелерін ескеру, сонымен қатар ұлттық құндылықтарды енгізу мәселелері жайына өзара пікірлесті.
Келген сала мамандары Академияның 12 жылдық бағытта атқарып жатқан жұмыстарына оң бағасын берді.