Home » Балабақша » Ерте жастағы балаларды әлеуметтендіру бойынша педагогтерге  әдістемелік көмек

Ерте жастағы балаларды әлеуметтендіру бойынша педагогтерге  әдістемелік көмек

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы Ерте жастағы балаларды әлеуметтендіру бойынша педагогтерге арналған әдістемелік құралды әзірлеп,  www.rc-dd.kz сайтының «Әдістемелік материалдар» бөліміне орналастырды.

Әдістемелік ұсынымдар  ерте жастағы балаларды әлеуметтендіру мен бейімдеу мәселелері бойынша педагогтерге көмек ретінде ұсынылған және келесі жұмыс бағыттарын қамтиды:

  • балаларды әлеуметтендіру компоненттері;
  • бала тұлғасын психоәлеуметтік тұрғыдан дамытудың негізгі кезеңдері;
  • ерте жастағы балалардың өзара қарым-қатынас ерекшеліктері;
  • ерте жастағы балалардың балабақшаға бейімделуі;
  • ерте жас тобындағы тәрбиелеу- білім беру процесі;
  • заттық – кеңістіктік және дамытушы ортаның  мазмұны;
  • педагог тұлғасына қойылатын талаптар;
  • ата-аналармен жұмыс түрлері.

 

Сонымен қатар, педагогтерге                                                                                                 жаңа туған нәрестеге күтім жасау және тамақтандыру әдістері, қарым-қатынас (бесік жырларын, ертегілер айту), ойын, гигиеналық және тұрмыстық жағдайларды қалыптастыру, заттық дамытушы ортаны ұйымдастыру туралы ұсыныстар берілген. Ерте жас топтарының  толықтырылуы санитариялық қағидаларға сәйкес  жүзеге асады:

  • ерте жас тобында (бір жастан екі жасқа дейін ) – 10 балаға дейін;
  • кіші жас тобында (екі жастан 3 жасқа дейін) – 20 балаға дейін.

Әдістемелік құралда осы топтардағы гигеналық талаптарды сақтау,  тамақтану, жуыну, киіну, шешіну кезіндегі дағдыларды қалыптастыру бойынша ұсынымдар берілді. Кіші топта (2 жастан бастап) өзіне-өзі қызмет көрсетудің қарапайым дағдыларын және еңбекке деген қызығушылықты қалыптастыру бойынша жұмыс жалғасады.

Әлеуметтендіру дағдыларын және өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру үшін өткізуге болатын ойын түрлері көрсетілген.

Мектепке дейінгі ұйым мен  ата-аналардың өзара ықпалдастығын арттыру мақсатында  жаңа форматтар ұсынылған.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.