Балабақша – бақытты балалық мекені
Балалар — біздің болашағымыз, тәуелсіз еліміздің ертеңі дейміз.Осы ел ертеңі болатын бүлдіршіндеріміз үшін балабақшаның орны бөлек екені, яғни мектепалды тәрбиенің артықшылығы айпасақ та түсінікті. Бүлдіршіндердің барлығын мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуға байланысты балабақша мәселесін шешуде қалалық әкімдіктің қолға алуымен кезінде жеке кәсіпкерлерге жалға берілген балабақшалар ғимаратын мемлекет меншігіне қайтарылып беріліп, оған күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік балабақшалар болып ашылғаны белгілі. Бақшалардың ашылуы кішкентай бүлдіршіндеріміз үшін де, ата-аналарымыз үшін де маңызы ерекше, ал олардың қуанышқа бөленуі – айтпаса да түсінікті. Осы орайда, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік меншікке қайтару аясында пайдалануға берілген алғашқы балабақша — № 186 оның айқын дәлелі. Алматы қаласы Білім басқармасының № 186 бөбекжай — балабақшасы Әуезов ауданында 2022 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істеп келеді. Балабақшамызда 13 топ бар, соның ішінде 2 түзету тобы (сөйлеу қабілеті бұзылған балалар үшін) және барлығы 289 бала тәрбиеленуде. Балабақшамыздағы сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың мектепке дейінгі білім мен тәрбие алуына байланысты инклюзивті білім беру жүйесіне сәйкес арнайы бекітілген жеке бағдарламалар бойынша балалардың психологиялық дамуына, сөйлеу қабілетін арттыруға логопед және арнайы мамандармен дамыту жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, балабақшамызда балалардың жеке тұлға болып қалыптасуы мен дамуы үшін барлық жағдай қарастырылған, бұл өскелең ұрпақтың ой өрісі мен зердесінің қалыптасуы, әлеуметтік және эмоциональдық дамуы үшін аса маңызды болып табылады. Сондықтан олардың денсаулығы мен өмiрiн сақтауды қамтамасыз етуде санитарлық жағдайы талапқа сай топтар мен арнайы бөлмелер толығымен қажетті техникалық құрал — жабдықтарымен, ақпараттық коммуникациялық технологиялармен қамтамасыз етілген.
Мектеп жасына дейін балабақшаға барған баланың ой-өрісі дамып, қабілеті арта түсетіндігі кім — кімге де белгілі. Бүлдіршіндерімізді қоғам талабына сай тәрбиелеуде, оларға әлемдік сапа деңгейіндегі білім беру, олардың ойы озық, білімі терең, тәлім-тәрбиесі жоғары болуы үшін, осыларды іске асыруда біздің балабақша ұжымы төмендегідей басты мақсатымыз бен міндеттерді белгіледі: адамгершiлiгі, рухани дүниесі бай, қазақ халқының тарихы мен мәдени мұрасын бойына сіңірген жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ету, білім беру саласында тілдік – танымдық құзіреттілікті жоғары сатыға көтеру, ата-аналармен өзара тығыз байланыста жұмысты нығайту, балаларды мектепке сапалы даярлауда ойын әрекеттері арқылы әлеуметтік құзіреттілігін дамыту. Осы орайда, жоспарларымыздың барлығы Қазақстан Республикасының Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, үлгілік оқу жоспары, үлгілік оқу бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған іс-әрекеттер шығармашылықпен жүзеге асыруға негізделген. Жалпы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын жақсартуда көптеген тиімді жобалар, тәжірибе алмасулар т.б. жүзеге асырылуда. Балабақша меңгерушісі Имамбекова Айгуль Сембековнаның Алматы қаласы әкімдігі және Білім басқармасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 12-25 қарашасы аралығында Ұлыбритания мемлекетіне барған іс-сапары тәжірибе алмасудың кәсіби қажеттілік екенін айқындай түсті. Тәжірибе алмасу барысында қазіргі таңда балабақшамыздың педагогикалық ұжымы үздіксіз білім беру бойынша «ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ КОМАНДАЛЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ» жобасын жүзеге асыруда. Жобаның мақсаты: Ұйымдастырылған іс-әрекеттер мен топтық ойындарды біріктіру арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіру, әртүрлі жағдайларда көмек көрсетуде коммуникативті дағдыларды дамыту. Осы жобаларға ата — аналар тек қана көрермен ретінде қатысып қоймай, бірлесіп жұмыс істеу, балалармен бірге жобаларын қорғау жұмыстары жүргізіледі.
Тәрбиешілер мен педагогтардың жас ұрпағымыздың болашағы жолындағы тәрбие беруде қол жеткізген жетістіктерін атап кетсек, Алматы қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйым педагогтерінің «ШЕКСІЗ ТАЛАНТ V қалалық шығармашылық фестивалінің «Үздік декламатор» номинациясында Гран – при, «Пай, пай балақай!» байқауынды жүлделі орын, «Театрдың ғажап әлемі» шығармашылық байқаулары — аудан деңгейінде 1 орын, Оқу ағарту министрлыгынен алғыс хаттармен марапатталды.
Балабақшадағы әрбір ісімізді еліміздің ертеңі, болашағы үшін арнау өзіміздің басты парызымыз деп санаймыз. Осы шеберлік пен шыдамдылықты қажет ететін күрделі үрдісте дер кезінде алынған мектепке дейінгі білімнің әрбір бала үшін өмірлік маңызы зор. Сондықтан, біздің бүгінгі басты міндетіміз — әлемге танылып отырған Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашақ бастауы болатын бүлдіршіндермізді саналы азамат етіп тәрбиелеу.
Алматы қаласы
«№186 бөбекжай — балабақшасы» КМҚК
Балабақша меңгеруші
Имамбекова Айгуль Сембековна