Home » Жаңалықтар » «№102 ЖББМ» КММ-де соңғы қоңырау соғылды!

«№102 ЖББМ» КММ-де соңғы қоңырау соғылды!

Құлақтан үнің  кетпестей

Сыңғырла соңғы қоңырау

Бүгін №102 ЖББМ КММ-де ерекше күн. 25 мамыр-түлектердің  соңғы  рет ақ бантик  тағып оқушылардың мектеппен, тоғыз ай арқалаған сөмкелерімен 3 айға  қоштасар  соңғы  күні. Ұлы даланың барлық мектептерінде соңғы қоңыраудың күміс үні сыңғырлайтын күн. Мектеп бітіруші түлектер соңғы қоңырау үнімен тебіреніп, «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» алтын ұя – мектептерімен қимай қоштасар сәт.  Олардың  әрқайсының  жүзінен  қимастық пен қобалжу  байқалады.

«Бүгінгі күн – кешегінің жемісі, ертеңгінің болмысы», — дейді дана халқымыз. Қай мемлекеттің болсын ертеңi – бiлiмдi жастардың қолында. Алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастыратын кейінгі толқын жастар.

Салтанатты шараға арналған мектебімізде «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында көрме орнатылды.

Салтанатты шара Мемлекеттік туды кіргізумен басталды. Мектебіміздің  ішкі дүниесі рухани бай  педагогиканың  қыр сырын жетік меңгерген  ұлағатты ұстаздар  жетіп артылады . Мектебіміздің басшысы   мектептің  жүрегі мен тірегі  Кержикеева Данагүл  Рысбайқызы мектеп оқушылары мен түлектерге ізгі тілектері мен сәтті қадам тіледі.

2018-0219 оқу  жылдарында мектеп ұжымы  үшін үлкен  жетістіктер мен толағай табыстарға   толы жыл болды. Мектеп оқушылары Халықаралық, Республикалық, қалалық, аудандық интеллектуалдық байқаулар мен олимпиадалар жеңімпаздары атанды. Үздік оқушылар, олимпиада жүлдегерлері, ғылыми жоба жүлдегерлері, спортшылар шеруі өтті.

Әр баланың  қабілетіне  қарай дарындылығын арттыру, жарыстарда жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шәкірт шығару –ұстаздарымыздың ерен еңбегінің жемісі.

Сәт сапар құрметті бітіруші!!!!

                                    

ДТІЖО: Ауэлбекова Г.У.

Дараева Г.У.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.