Home » Балабақша » Нұр-Сұлтан қаласы №68 «Балбұлақ» балабақшасында өткізілген «Жасыл апта» апталығы

Нұр-Сұлтан қаласы №68 «Балбұлақ» балабақшасында өткізілген «Жасыл апта» апталығы

«Адамзат баласының табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» деген  киелі ұғымның астарында қаншама ойлар жатыр. Табиғат-бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені.
Қоғам дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Сол себепті табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың үйлесімді дамуы әрбір адамның денсаулығына, физиологиялық өсіп- жетілуіне ауадай қажет екендігіне жас ұрпақтың көзін жеткізу — біздің басты мақсатымыз.

Сондықтан да Нұр-Сұлтан қаласындағы №68 «Балбұлақ» балабақшасында «Балабақшадағы экология-экономикалық жобаның білім беру моделі»» тақырыбындағы экологиялық алаң аясында жоспарланған «Жасыл апта» апталығы 20-24 мамыр аралығында өткізілді. Негізгі міндеттерінің бірі — балаларды айналамен таныстыру. Адам баласына экологиялық тәрбие беруді балабақша табалдырығынан бастап, үздіксіз білім беру қағидасы негізінде жалғастырылуы тиіс. Балабақшадағы экологиялық тәрбие балаларды табиғатпен таныстырудан бастау алып, әрмен қарай экологиялық тәрбие үрдістеріне жалғасып, экологиялық сипат алады.

Апталық аясында «Таза болса табиғат – аман болар азамат» тақырыбымен бүлдіршіндерге арнап ән салып, би билеп, түрлі ойындар ойнатылды. Табиғатты қорғау жайында мультфильмдер де бүлдіршіндерге арнап қойылған болатын. Ата-аналардың көмегімен бөлме гүлдерін отырғызу, көбейту жұмыстары жүргізілді. Апталықтың жабылуына арнайы ата-аналардың және Н.Назарбаев университеті «Green Campus» офисінің менеджері, студенттерінің қатысуымен «Мен және табиғат» ток-шоуы ұйымдастырылып өткізілді. Ток-шоу барысында қатысушылар өз ойларын білдіріп пікір алмасты. Экологиялық тәрбиені баланың санасына жеткізу жолдары талқыланды. Н.Назарбаев университеті студенттері 4R принципі және жас эколог кодексімен таныстырып өтті. Өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Соңында барлық топ ата-аналары және қатысушылар «Ағаш отырғызу – қасиетті де ұлағатты іс» ұранымен ағаш отырғызды. Ата-аналар да, қатысушылар да балалар да өте көп жағымды әсерлер алды. Ыбырай Жақаев атамыз айтқандай «Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Жер, су, ауа – адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына… Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждағаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттің бірі» екендігін ұмытпайық!

Білім айнасы
Нұр-Сұлтан қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.