Home » Мақалалар » Өтпе жел тұмау шақырады

Өтпе жел тұмау шақырады

Өтпе желге әр ел әр түрлі қарайды. Мысалы, еуропа елдерінің көбі бөлменің есігі мен терезесін бір уақытта ашып қойса, тұмау өзін күттіртпей келетіндігін айтса, американдықтар керісінше пәтерде аздап жел болғандығын дұрыс көреді екен.

Негізінен «тұмау жайдан-жай» болмайтындығын түсінуіміз қажет. Әрбір тұмаудың, не тамақ ауруының бір ғана себебі бар — вирус. Жай ғана самал желдің өзі бір адамнан екінші адамға микроорганизмдерді белсенді тасымалдайды, яғни өтпе жел вирустың ауа жолымен таралуына бірден-бір себепкер. Сондай-ақ ауру туғызатын микроағзалар адам толық сау болған уақыттың өзінде де жұтқыншақта тіршілік етеді. Тыныс жолдарының шырышты қабығы жұтқыншақтағы түрлі вирустар мен бактериалардың ағзаға еніп кетуінен сақтап тұрады.Адамның ағзасы өтпе желден суықтап қалса, қан тамырларының тарылып, иммундық жүйеге аз жасушалар тасымалдайтын болғандықтан ауру туғызғыштар белсенді түрде көбейе түседі. Бірақ жылы мен суықтың жылдам алмасып тұруы ағзаның қоршаған ортадағы өзгерістерге тез жауап қайтаруға жаттықтыратындығын ескерсек, өтпе жел бір жағынан пайдалы екендігін көреміз. Салқын ауа жаздың ыстық күнінде ағзаның жылылық соққы алуына жол бермейді. Тұрақты жылы ауада вирустар қозғалмалы суық ауаға қарағанда жылдам көбейетіндігін біліп жүргендігіміз абзал. Дәрігерлер әлі күнге дейін өтпе жел туралы ортақ пікірге келмеді. Егер өтпе желді жасау арқылы температураның тұрақтылығын сақтап, ағзаны шынықтырып тұрсақ, ол тұмауға шалдығу ықтималдығын алдын алады.

Егер мұрныңа оксолин майын жағып жүрсең, ешқандай ауру жұқпайды

 

Егер оксолин жақпа майының нұсқаулығына сенетін болсақ, ол вирусты тұмаудан, конъюнктивиттен, асқынған тыныс жолдарының вирусты инфекциясы мен маусымдық тұмау эпидемиясынан қорғайды. Шындығына келсек, бұл ақпараттың қайдан пайда болғандығы белгісіз. PubMed әлемдік медициналық зерттеулердің базасынан тек 1980-1990 жылдар аралығында кейбір ғалымдардың оксолин жақпа майының вирусқа қарсы тұра алатын әсері бар екендігін дәлелдегісі келген санаулы жұмыстарын ғана табуға болады. Оның өзі қорытынды шешім шығарылмай, бастапқы күйінде қалып қойған. Әлемдік нұсқаулықтарда вирусты ауруларды емдеу үшін тіпті оксолин жақпа майына ұқсас «таңғажайып» жақпа май мүлдем жоқ. Осы саладағы ресейлік бас мамандардың айтуы бойынша, егер оксолин вирустың көбеюін алдан алатын қасиеті бар болса да оны пайдаланғаннан кейін ағзада өзге аурулар туындауы мүмкін. Яғни тыныс жолдарымен кірген микроорганизмдер жақпа майдың жағылған жерінен де терең тұрақтап қалады.Қорытынды: оксолин жақпа майының вирустарға қарсы тұратындығы туралы ақпарат еш негізсіз.

Тамақ ауырып тұрғанда балмұздақ жеуге болмайды

Балмұздақ аурып тұрған тамаққа жергілікті анестезия сияқты әсер етеді. Суық белгілі бір уақытқа жүйке ұштарын «мұздатып» ауруды тоқтатып қояды. Балмұздақтың суық су немесе мұздан ерекшелігі — құрамындағы жоғарғы майлылық тамақтың ауырып тұрған жерлеріндегі шырышты қабатын тітіркендірмей мұздатады. Содан ауырып тұрған адам біраз уақытқа дейін жеңілдікті сезінеді. Бірақ суықтан қан тамырлары тарылғандықтан, бактериялардың ошағына иммундық жүйенің жасушаларын аз жетіп ауруды қоздырып жіберуі мүмкін. Сондықтан дәрігерлер балмұздақтың орнына жалбыз қосылған кәмпиттер соруға кеңес береді. Олар да салқындататын әсер береді, алайда ауруды асқындырмайды.

Қорытынды: балмұздақ ауруды тек уақытша ғана жеңілдетіп, жергілікті иммунитетті төмендетеді.

Жасыл/өскіндері бар картопты жеуге болмайды

Алқа тұқымды өсімдіктердің барлығы, сонымен қатар, картоп та соланин деп аталатын улы заттан тұрады. Ол тұқымды паразит саңырауқұлақтардан қорғап тұратын зат. Тіпті піскен картоптан да оның іздерін табуға болады. Алайда, ол болмашы ғана мөлшерде болғандықтан ағзаға ешқандай әсер етпейді. Картопты дұрыс сақтамаса, ол жасыл түске ене бастайтындығын бәріміз білеміз. Дәл осы жасыл қабатта тіпті қайнатқанда да бұзылмайтын улы соланин жинақталады. Егер сондай картопты жесе, адам қатты уланып қалуы мүмкін: ауызда ащы дәм пайда болады, адам лоқсып, құсып, іші ауырады. Ал одан да қиын жағдайда кеңістікте бағыттан жаңылысу пайда болады. «Меңдуана жегендей құтыру» (алқа тұқымдыға жататын меңдуананың құрамында да соланин бар) деген тіркес осы соланинмен уланған адамның тұрпайы жүріс-тұрысын сипаттайды. Картоптың жасыл қабатын тұқымның тек төрттен бір бөлігін алып тұрса ғана кесіп алып тастауға болады. Ал одан көп бөлігі зақымданса, пайдалануға болмайды. Сондай-ақ өскіндері өсіп кеткен картоптың да құрамында соланин көп болады. Әсіресе ең көп қоры өскіннің өсіп шыққан көзшелерінде жинақталады.

Қорытынды: төрттен бір бөлігі жасыл болып кеткен картопты жеуге болмайды. Ал одан аз болса, соланиннің жинақталған жерлерін міндетті түрде кесіп алып тастау қажет.

 

Урпеджанова Күләш Аукеновна

Алматы облысы Қарасай ауданы

 Қырғауылды ауылы

«Ақ көгершін» балабақшасы медбикесі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.