Балалар мен жасөспірімдердің демалысын тиімді пайдалану және сауықтырылуы мен демалыс уақытын ерекше өткізілуі мақсатында Өтес орта мектебінің жанынан ашылған «Ботақан» жазғы сауықтыру лагері 1 маусым күні өз жұмысын бастады. Лагердің бұйрығы бекітіліп, тәрбиешілер тізімі құрылды. Лагердің ашылуы балалар мерекесімен тұспа-тұс келді. 40 баланы қабылдап, оның ішінде аз қамтылған, жартылай жетім, көпбалалы отбасы балалары және мектеп қызметкерлерінің балалары қамтылды.Олар үлкен және кіші топқа бөлінді. Екі топқа арнайы курстан өткен, дайындалған тәрбиешілер алынды. Күнделікті өткізілетін шараға жоспар жасақталып, лагерь басшысына бекітіліп отырды. Балалармен күнделікті жоспарға сай жұмыс түрлендіріліп, жүргізілді. Мысалға айта кетер болсақ тоғызқұмалақ, дарабоз, түлі эстафеталық сайыстар, ҚР рәміздер күніне оқушыларға мемлекеттің рәміздері құпия, таңғажайып мағыналарға толы асыл қазына екендігі оны білу әрбір Қазақстан Республикасының азаматтық міндет борышы екендігі түсіндірілді, жол ережесі туралы түсінік жұмыстары, ермексазбен жұмыс, балаларды көбелек, ою қию, гүл жасаудың қыр – сырына баулу, «Жаз аруы — 2017» байқауын өткізу, ауыл кітапханасымен танысу, табиғат аясында сурет салу, «Үлкенге құрмет, кішіге ізет,»т.б тақырыптарда көптеген жарыс- сайыстар ұйымдастырылып жеңімпаз топтар марапатталды. Әрбір баланы мектеп медбикесі А. Сүйменованың медициналық тексеруден өткізді. Бірінші ауысымның соңғы күні «Қош бол, Ботақан» лагері атты концерттік бағдарламамен аяқталды. Әрбір бала талант иесі демекші барлық балалардың өнерін тамашалап, балалардың өз қолдарымен жасаған «Ашық хат» естеліктерін табыстады.
БУЖАНОВА АЙНУР МИРБУЛАТОВНА
«Өтес орта мектебі» ММ