Home » Мақалалар » «Өрлеумен» тек қана алға өрлеу!

«Өрлеумен» тек қана алға өрлеу!

«Білімін үздіксіз жетілдіруден
ұстаз ғанамұғалім болуға жарайды,
ал біліктілігін шыңдаудан қалған күні
мұғалім болудан да қалады»
К.Д.Ушинский

Заман жылжып, уақыт озған сайын өмір сүрудің, оқытудың талаптары да өзгеруде. Бүгінгі күннің көзқарасы – аса жылдамдықпен қоғамда болып жатқан заманауи технологияны меңгеруге үлгеруді талап етеді. Әсіресе ұстаз жанға ақпараты ағындаған асау дәуірде жан-жағына қарап жайбарақат жүрумүмкін емес. Атақты К.Д.Ушинскийдің: «Білімін үздіксіз жетілдіруден жалықпаған ұстаз ғана мұғалім болуға жарайды, ал біліктілігін шыңдаудан қалған күні мұғалім болудан да қалады» деген қанатты сөзі де бар емес пе…
Ғаламды өзгертетін – білім мен ғылым. Қарыштаған заманның технологиялық қадамымен көз жетпес жылдамдықта өркендеп, мұғалімдердің біліктілігін арттыру – «Өрлеудің»негізгі мақсаты.
Қостанай облысының әр аймағынан келетін ұстаздар білім беруді жаңарту шеңберіндегі көптеген курстардан өтеді. Заманауи мектеп мұғалімі балаларға дайын білім бермей, оны өздігінен және қызығушылықпен оқуға үйретеді.
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде орыс тілінде мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы жаңартылған білім беру бағдарламасының Қазақстанның білім беру жүйесін реформалауға айтарлықтай үлес қосуына жол ашады. Бұл біліктілікті арттыру курсының жалпы мақсаты оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасымен таныстыру болып табылады. Білім беру саласындағы өзгерістердің шарттары мен алғышарттары, білім беру саласындағы халықаралық үрдістер, білім беру бағдарламасын құру теориясы, оқыту тәсілдерін енгізуге негіз болатын теориялық алғышарттар қарастырылады. Курстан өткен мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретін, мазмұнын және мақсаттарын біледі. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біліп қана қоймай, жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін түсініп, пайдалана біледі. Мұғалімдердің орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен дағдылары қалыптасады. Оқу үрдісін қызықты және нәтижелі жоспарлау үшін мұғалімдер белсенді оқытудың педагогикалық тәсілдерін, бағалаудың бірнеше түрі мен әдістерін, жеңілден күрделіге қарай білім беру жолдарын меңгереді. Бағдарламаның мақсаты – орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
Бағдарламаны меңгеру интербелсенді дәрістер, тренингтер, топтық талқылау барысында өтеді. Педагогтер әртүрлі дағдылар, оның ішінде сын тұрғысынан ойлау, коммуникациялардың түрлі тәсілдерін қолдану түрінде ұсынылған оқытудың күтілетін нәтижелеріне әбден талдау жасап, өздерінің рефлексиялық қабылеттерін аса дамытады екен.
Курстың аяқталуында сабақтарды қорғау – меңгерген білімдерін бақылау болып табылады. Мұнда мұғалімдер үшін жаңартылған бағдарламалардың құрылымдық-мазмұндық және методологиялық аспектілерін қалай түсінгенін, өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетуге, жұмыс тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндіктері болады.Оқыту процессін спиралді білім беру мазмұнына негіздей отырып, 21 ғасыр оқушысының құзыреттіліктерін дамытуға бағдарланған білім берудің жаңа үлгісіне көшуге дайындалуға, заманауи білім беруді жаңарту нәтижесінде жақын арада орыс мектеп оқушыларын функционалдық сауаттылыққа, сыни ойлауға, өзіндік зерттеу дағдыларын дамытуға бағыттайтынын осы курстар білім нәрімен сусындап келетін ұстазға зор көмек бола алатынына еш күмәнім жоқ. Ұстаз-адамдықтың диқаншысы, бала тәрбиелеудің, жеке тұлғаны қалыптастырудың бағбаны, үнемібілім көкжиегін кеңейтуге асығу керек.

Нұрмұхамбетова Наталья Орамбайқызы

Таран ауданы
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Приозерный орта мектебі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.