Home » Мақалалар » Баланың бас ұстазы-ата-ана.

Баланың бас ұстазы-ата-ана.

Ата-ананың бас қуанышы-бала. Ата-ананың басты қызығы, алтын тіреу діңгегі –бала. Дүниеге келерінде де, келген соң да әке-шешесін бірден татулыққа, сыйластыққа, ынтымаққа шақырып, ата-ана көңілін жақындастыра түсетін-бала. Отбасы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балаларға қойылатын біркелкі талаптарымен бірыңғай білім беру кеңістігі құралады.
Халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі деп санайды.
Отбасы баланын тәрбиесі мен оның әлеуметтенуінде, тұлғаның көзқарасының қалыптасуына, сондай-ақ, интелектуалдық, эмоционалдық және еріктік сапаларының дамуында шешуші рөл атқарады. Осылайша, балалардың әлеуметтенуі мен қоғамның жаңа мүшелерінің дайындағы қамтамасыз етіледі.
Ата-аналар мен отбасындағы ересектердің үлгісі тәрбиелік қызметтің нәтижелілігің анақтайды.
Балабақша бала тәрбисінде манызды рөл атқарады. Мұнда ол білім алады, өзге балалармен, ересектермен бірлесіп әрекеттену, өз әрекетін ұйымдастыру іскерлігін меңгереді. Алайда, баланың бұл дағдыларды қаншалықты нәтижелі меңгеруі отбасының балабақшаға қарым-қатынасына байланысты.
Баламен отбасы туралы деректер алу, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі рөлін анықтау, ата-аналардың ұсыныс-пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алынады. Ата-аналар баланы жан-жақты дамытудың психологиялық –педагогиқалық жұмыс жоспары мен таныстырылып кенес беру пунктіндегі ата-аналар үшін өткізілетін барлық шараларға қатысу ұсынылады.
Ата-ананың білім беру үдерісіне белсенді араласуы арқылы ғана баланың үйлесімді дамуы іске асады. Білім беру ұйымдары ата-аналармен жұмысқа ерекше көніл бөлуді талап етеді.

Егинбаева Қарлығаш Жаскайратовна
Ақсу қаласының түзету үлгісіндегі №12 бөбектер бақшасы» МҚКМ

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.