Home » Балабақша » Өркениетті қоғамдағы бүгінгі ұрпақ бейнесі…

Өркениетті қоғамдағы бүгінгі ұрпақ бейнесі…

Осы тақырыпты қояр алдында көп ойландым. Ертеңгі ел үмітпен қарар ұрпақтың бейнесі ретінде көрсетер білім ошағындағы тәрбиеленушілердің жетісті мен ғылым білімге деген ұмтылысы сөзіміздің дәлелі болмақ.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №80 «Ботақан» балабақшасы орналасқан ғимарат сыртынан бастап  әсемдігімен көз тартады. Рет-ретімен жасалған балалар алаңқайындағы тазалық жайқала қоймасада орындарлы мұнтаздай гүлзарлар жылы ұядағы аула ішіне орналастырылған  отыруға жайлы орындықтарының өзі тамаша көрінеді.
Балғындар мекені біз көріп жүрген кейбір балабақшалардан әлде қайда шағын. 6 топта таза қазақ тілінде 200-ден аса бүлдіршіндер тәрбиеленсе, шағын орталықта 90  шәкірттері бар. 20-дан астам педагог қызмет ететін ұжымды балабақша тәрбиешісі жолынан  бастап меңгерушілікке дейінгі көтерілген  іскер де ізденімпаз өзіне сенімді, әр ісіне жауапты  маман Дюсенова Жанар Сейтқалиқызы басқарып келеді.
Қалалық кластер бағыты бойынша рухани –патриоттық тәрбие, денсаулық, өнер тақырыптарындағы семинарлармен қоса Жанар Сейтқалиқызы жетекшілік ететін балалардың зияткерлік –дамуы бағытындағы серіктес  № 83,№53,№51 балабақшалардағы талай ізденіске толы тәжірибелік жұмыстарды көріп жазған едік.
Өзі жетекшілік ететін балабақшаларың барлық семинарларында меңгерушілерімен бірге  өз дәрежесінде өтуі үшін тыным таппай жұмыс жасайтын Жанар Сейтқалиқызының әріптестеріне жол көрсете алар  білікті басшы, тәжірибелі педагог екендігін көрдік. Басшыға серік бола білген  қабілетті педагогтардан құралған ұжым  ашылғанына небәрі үш жыл болсада қалыптасып үлгірген.  17 сәуір күні осы кластер аясындағы барлық балабақшалардың педагогтары жиналған семинар-практикум « Эксперименттік алаң режимінде мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік –танымдық дамуы» тақырыбында өтті. Семинарда өзара байланыста жұмыс жасайтын болашақ балабақша педагогтарының білім ордасы Нұр-Сұлтан қаласы Гуманитарлық  колледжінің директоры Нурланов Елдос Болатханұлы алғашқы  сөз алып аталмыш тақырыптың әлемдік мектепке дейінгі ұйымдарда қалай іске асып жатқандығы жайлы сараптама жасады. Әлем елдерінің тек бес пайызы ғана бала тәрбиесіндепайдаланатын күнделікті ізденісті талап ететін баланың зияткерлік-танымдық белсенділігін арттыруға бағыттаған жұмыстарды тәуекелмен бастап жатқан іс деді.
Шын мәнінде балабақша меңгерушісінің шет мемлекетпен тәжірибе алмасуда Реджио Эмилия педагогикасы әдісінің элементтерін енгізіп тәжірибелік –зерттеу жұмыстары арқылы балаға біліммен жүктей бермей «Неге?», «Қалай?», «Не үшін?» деген сұрақтарына өзімен бірге жауап іздеуге таба білуге үйретуі баланы жан-жақтылыққа тәрбиелеу.
Ғылыми жетекші ретіндепедагогтармен бірге жұмыс жасап келе жатқан «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚБАИ аға оқытушысы Ләйлә Боранбаева да «Ботақан» балабақшасының ұжымына ізденістері үшін алғысын білдіріп, шығарашылық шабыт тіледі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың smart table интерактивті құрылғысын қолдану арқылы зияткерлік дамыту тақырыбында шәкірті Қымбатпен бірге тәрбиеші Жармабаева Эльнара Догдырхановна  алғашқы оқу тәсілдерін көрсетті.
Ұстазының көмегінсіз «ақылды үстел»  құрылғысының көмегімен әр түрлі есептерді шешіп, сөз жұмбақтарды тауып, сөз құрап, өз атын жазып, буынға бөліп оқып таңқалдырған Қыматтың зеректігі мен қоса  баланың бақылау, сөйлеу, математикалық санау, өлшеу, пішіндерді, салыстыру, өз ойын анық жеткізуге келгенде ұстаздарының дұрыс жол көрсете білуі жұмыстарының жемісі.
Нәби есімді шәкіртімен бірге Levenhuk цифрлық камерасы мен микроскопты қолдану арқылы зерттеу іс-әрекеті дағдыларын дамыту тақырыбында тәрбиеші Кирилыч Анна Николаевна табиғи бал мен сапасыз балдың арасындағы айырмашылықты анықтап көрсетті.
Ресейден әкелінген «Наураша» құрылғысы арқылы балалардың іс-әрекеттерінің тәжірибелік эксперименталдық сандық зертханасы тақырыбында табиғи және жасанды жарық көздері, магниттердің ерекшелігі жайлы Қонақбаева Жұлдыз Каримжановакөрсетті.
Жанар таудың атқылауын зерттеу әрекеті арқылы көрсеткен Әлібекова Талшын Қажымұратқызының су астындағы толқын сынды тәжірибелік жұмыстары әріптестерін қызыға тамашалады. Әдіскер Ескеева Жұлдыз Бурабаевнаның бастауымен шағын зертхана, Бүлдіршін информатиктер бөлмелерін әртүрлі зерттеу жұмыстарына арналған құралдармен танысқан серіктес балабақшалардың тәрбиешілері өз таңданыстарын жасырмады.
Арнайы қонақ ретінде қатысқан №56 «Береке», № 86 «Зияткер» балабақшаларының меңгерушілері Гүлсім Алипбаева, Алмагүл Нуркабылова ұжымға көрсеткен жұмыстары үшін алғыстарын білдіріп семинар жоғары  дәрежеде өтті деген бағаларын білдірді.
Баланың ой –өрісінің дамуына, танымдық қызығушылығының артуына ықпал етіп, өз-өзін бағалай білетін, күш-жігерлі, шешім қабылдауға қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде бұл білім ордасы алда келеді. . Ең бастысы күнделікті сабақ кестесінен бастап ақылы қосымша қызметтер «smart table және логика», «Жас зерттеуші», «Құммен сурет салу»  барлығы қазақ тілінде жүргізілсе ағылшын тілінеде ерекше көңіл бөлінген.
Қала деңгейінде өткен педагогтармен іс-тәжірибе алмасу семинарына жеке меншік балабақшалардың да меңгерушілері қатысты.
Жаңалық ашуға құмар бүгінгінің балаларына балабақша қабырғасынан бастап дәл осындай тәжірибелік-зерттеу жұмыстарын көрсетіп баулу ертеңгі зияткерлік мектептеріне дайын түлек шығару деген сөз.
Балаларының сапалы білім алуы ата-ананың қамқорлығынсыз мүмкін емес, балабақша ұжымының тағы бір ұтымды жағы ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жасауы.
Елінің ертеңі болар, халқының үмітін ақтар дені сау білімді де саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында сайдың тасындай болып іріктелген «зияткерлік балабақша» түлектерінің алар орны бөлек болмақ.
Білім шыңын бағындыруға ұмтылған озық  ойлы Зияткерлік мектептерінің болашақ  шәкірттерін тәрбиелеп жатқандай көрінген білім ордасының болашағынан зор үміт күтеміз. Шындығында таланттылардың жолын ашар балғындар мекенінің алдағы күндері Нұр- Сұлтан қаласында  зияткерлік балабақшасы  атанары хақ. Алға қойған мақсаттарыңыз орындалып, шәкірт жетістігімен қуанта беріңіздер.

 

Әлия Ғалымбекқызы,
Нұр-Сұлтан қаласы, «Білім айнасы».

,

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.