Home » Білім және өнер » ӨНЕР МЕН АДАЛДЫҚ ЖОЛЫНДАҒЫ ТҰЛҒА

ӨНЕР МЕН АДАЛДЫҚ ЖОЛЫНДАҒЫ ТҰЛҒА

Осы екі жолды таңдаған, сол жолдан таймаған менің әріптесім және тәлімгерім — Бешимов Қайрат Бахытжанұлы, Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінің, музыка кафедрасының, дауыс қою және баян аспабының жоғары санатты оқытушысы, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағының иесінен сұхбат алу

— Қайрат Бақытжанұлы, сіз қай өңірдің тумасы боласыз?

— 1954 жылы 7 ақпан күні, Омбы облысы, Москаленко ауданы, Илеуіш деген қазақ ауылында дүниеге келдім. 1961 жылы Қызылту ауылына көшіп келіп, Қызылтудың № 2 орта мектебінде оқыдым.

— Сіздің музыкаға деген, өнерге деген қызығушылығыңыз қай уақыттан бастап біліне бастады?

— Мектепте оқып жүрген кезімде әр түрлі көркем өнерпаздар ұжымдарына белсенді қатыстым, бірақта музыка сабақтарынан қашып жүретін едім (күледі).

— Музыкалық біліміңізді қай өнер ошағында  шыңдадыңыз?

— 1971 жылы Қарағанды Педагогикалық институтына түсуге бел будым. Таңдаған мамандығым музыка және ән факультеті болды.

Сол қызығы мен шыжығы мол студенттік кезден естеліктеріңізді айта отырсаңыз.

— Студенттік кезде талай қызықтар бастан кешірдік, барлық қызықты сәттерді есіңе сақтай алмайды екенсің (жымияды).

Алғаш еңбек жолыңыз қайда басталып еді?

— 4 жыл тез өтіп, алған біліміммен бөлісемін деген мақсатпен, өз мектебіме музыка мұғалімі болып орналастым. Ал 1976 жылы музыка мектебіне баян аспабының оқутышысы ретінде қабылдандым. Мүмкін менің қабілетім мен іскерлігімді бағалап, мені 1977 жылы музыка мектебінің директоры қылып тағайындады. 1998 жылы отбасы жағдайына байланысты Көкшетау қаласына көшіп келдік, сол жылы №11 орыс мектебіне музыка мұғалімі болып орналастым.

— Сіз мектепте қызмет етіп жүргенде шығармашылығыңыз қалай дамыды?

— Мектепте жұмыс істеп жүргенде дарынды балаларды іздеп, өнерге жол нұсқап, вокалдық топтар, хор ұжымдарын және жеке эстрада әншілерін дайындап жүрдім.

Ж. Мусин атындағы педагогикалық колледжде қай жылдан бастап қызмет етіп келесіз?

— Аталған білім ордасында 2001 жылдан бастап осы уақытқа дейін қызмет етудемін. 2001-2005 жылдар аралығында музыка бөлімінің меңгерушісі болып, баян сыныбында, ал 2006 жылдан бастап дауыс қою пәндерінен сабақ бердім.

Менің біліуімше сіз өз өміріңіздің көп уақытын өнерге арнадыңыз. Сіздің еңбегіңіз мемлекет тарапынан бағаланды ма?

— Менің еңбегім үнемі назардан тыс болған емес. Оның бір дәлелі менің шәкірттерім және 2016 жылдың 9 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағына ие болып, төс белгімен  марапатталдым. Бұл мен үшін үлкен дәреже болды.

Жаңа өз сөзіңізде «шәкірттерім менің жемісім» дегенге келтірдіңіз. Осы шәкірттеріңіз жайлы бірер сөз айтып өтсеңіз.

— Менің тәжірибемде дарынды студенттер көп болды. Олардың туа біткен өнерін шыңдау менің міндетім деп қарастырдым. Студенттерге тек қана музыкалық білім беріп қана қоймай, студенттерді мәдени салаға жетелеуге көп жұмыс жасадым. Атап айтатын болсам, Қадырова Мәншүк дәстүрлі ән орындаудан қалалық, облыстық сайыстардың жеңімпазы, Космонавт Гауһартас 2011 жылы Тараз қаласында өткен республикалық театр әндері байқауының «көрермендер көзайымы» жүлдесін жеңіп алды. Маратқызы Жайнаған көптеген облыстық, қалалық сайыстардың женімпазы, «Шабыт» фестивалінің дипломанты. Санк-Петербург қаласында 2014 жылы өткен халықаралық-классикалық әндер байқауында Сагди Саида үшінші орын лауреаты атанды,  ал Хагазбек Марзия 2015 жылдың 1 қарашасында Қазақстан Республикасының және Ресей мәдени министрлігімен бірлесіп өткізілген халықаралық байқауда жеңімпаз атанып, бірінші орын лауреаты атанды.

— Отбасыңыз туралы қысқаша айтып берсеңіз.

Мен 22 жасымда үйлендім, қымбатты да сүйікті жұбайымның есімі Алма, қазір зейнеткерлік демалыста. Өмірімдегі ең бағалысы 4 қызым, Сауле мен Шынар, мен сияқты өнер жолын қуып, біраз жыл әріптестер болып бір колледжде жұмыс істеп келеміз. Қарлығаш қызым полиция  капитаны, Гүлден заң қызметкері. Өмірімнің мәні мен сәні – немерелерім.

Өмірде ұстанатын қағидаңыз қандай?

Мен сөзінде тұратын адаммын, шындықты көзге айтуды жақсы көремін және өтірік сөйлеген адамдарды жақтырмаймын.

Өз шәкірттеріңізден нені талап етесіз?

Ең бастысы мен берген білімді  қабылдап алып, толық меңгеріп алғанын қалаймын.

Қайрат Бақытжанұлы 40 жылдық жұмыс өтілі бар музыка мұғалімі. Жұмыста да отбасында да өте сыйлы адам. Әрдайым жылы жүзбен қарсы алады, көңіл күйді бір ғана қызықты әңгімемен көтеріп жібереді. Оқушыларға қоятын талаптары жоғары, сондықтан олар алған білімдерін нәтижелі қайтаруға тырысады. Өмір жолын тек адал еңбекке арнап, жүрегін таза сақтаған Қайрат Бақытжанұлы үлгі тұтатын адамдардың бірі деп санаймын.

 Сұхбаттасқан Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінің, музыка кафедрасының,
дауыс қою пәнінің  оқытушысы Салтанат Абдрахманова

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.