Home » Білім және өнер » Өнерім – рухани қазынам

Өнерім – рухани қазынам

Қызылжар өңірі — қашанда қонақжайлылығымен қадірін асқақтатқан киелі мекен. 1-5 қараша аралығы Теріскейліктер үшін тағы бір сын сағатты артқа тастайтын күндер болмақ. «Өнерім – рухани қазынам» атауымен ХІІІ ұлттық жастар Дельфий ойындарының жалауы киелі Қызылжар төрінде желбіреді. Алайда балалар мен жасөспірімдер арасында 18 аталым бойынша 600-ден астам жас таланттардың бақтары сыңға түспек. Яғни, домбыра, қобыз, баян, эстрадалық ән, фотография және тележурналистика сынды түрлі өнердің бағы жанбақ. Биылғы доданың ерекшелігі: мүмкіндігі шектеулі жандар арасында би номинациясының тұсауы кесілмек. «Аталған жарыс өнерлі өрендердің өзіндік дамуына және шығармашылық тұрғыда шыңдалуына мүмкіндік береді», – дейді ұйымдастырушылар.

Тәуелсіздіктің текті ұрпақтары таланттарымен өңір тұрғындарын таң қалдыруда.  Рухани жаңғыру әлемдік бәсекеге жол ашатын болса, Қызылжар өңірінде өнер көрсетіп жатқан жастар келесі жылы әлемдік деңгейде өтетін байқауда ел намысын қорғайтын болады. Қазақ сахнасының төрін Қорқыттан қалған қобыздың даусымен әлдилеп, өңір намысын қорғаған талантты қыздарымыздың бірі Алтайқызы Ақерке. Ақерке 6 жасынан  қобыз аспабын қолына ұстап, осы бір киелі өнерге бет бұрған өнерпаз.

Жас талант иесі бүгінде дарынды балаларға мамандандырылған эстетикалық бейімдегі мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы. Қобыз өнерінің қыры мен сырын үйретіп жүрген ұстазы Маштақова Назгүл Жәдігерқызы.

 

Көкбас Жазира

Білім айнасы

Қызылжар

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.