Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе жалпы орта білім беретін мектебінде шахмат үйірмелері арасында шахматтан аудандық жарыс өтті. Мектепаралық жарысқа ауданның 9 мектебінен құрама команда қатысты. Шахмат талабына сәйкес 2, 3, 4-сыныптар бойынша 3 ойыншыдан қатысты. Нәтижесінде ІІІ орынды Ақжар орта мектебінің құрама командасы, ІІ орынды Майтүбек орта мектебінің құрама командасы, І орынды Көктөбе орта мектебінің құрама командасы иеленді. Көктөбе орта мектебінен 2 сынып оқушысы Тұяқ Сейітрахметолла, 3 сынып оқушысы Абдугаликов Ақназар, 4 сынып оқушысы Жағыпар Фатима қатысып, мектеп намысын қорғады.
Жүлделі орындарды иеленген командалар аудандық білім беру бөлімінің грамоталары және медальдармен марапатталды. Осындай жарыстар балалардың интеллектуалды ой-өрісін дамыта отырып, білімді жастарды тәрбиелеуде септігін тигізетіні сөзсіз.
Л. Теміртасқызы
Білім айнасы
Павлодар қаласы