Home » Бастауыш » Армысың, Алтын күз!

Армысың, Алтын күз!

     Павлодар облысы, Баянауыл ауданы №2 жалпы орта білім беру мектебінде 1-сынып оқушыларымен «Армысың, алтын күз» атты іс-шара өтті.

Бағдарлама бойынша оқушылар өнер, көріністерін қойып, пакет, газет, қағаздардан сән үлгісін көрсетті. Балалар би билеп, өнерлерін ортаға салды.

1 «Б» -сыныбының оқушылары қолдарына қолшатыр ұстап би билесе, 1 «А» сыныбы заманауи билерімен көрермендерді тәнті етті.

Балалар ертеңгіліктен күзде болатын табиғаттағы өзгерістерді тамашалады. Белсене қатысқан оқушылар марапаттарға ие болды.

 

Ж. Кошланова,

Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.