Home » Білім және өнер » ӨНЕРЛІ ӨРГЕ ЖҮЗЕР

ӨНЕРЛІ ӨРГЕ ЖҮЗЕР

Павлодар қаласындағы музыкалық колледж студенттері — Сара Садығұлова мен  Әліжан Қазбеков Астана қаласында өткен Қазақстан жас орындаушыларының ХХХIХ республикалық байқауында жеңімпаз атанды.
Байқау  бірнеше бөлімнен тұрды.
Қазылар алқасының шешімімен, ансамбльдік ән айту аталымында «Ән орындау» бөлімінің 3-курс студенттері — Сара мен Әліжан жүлделі ІІ орынмен жеңіске жетті.
Талапты студенттерді өнерге баулыған ұстаз — танымал опера әншісі, дарынды педагог, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Шахимардан Қайдарұлы Әбілов.
Сайысқа қатысқан жерлес студенттерімізді өнер көрсету кезінде пионинода сүйемелдеген концермейстер – Ольга Дмитриевна Седых та шәкірттерінің тамаша өнерлеріне дән риза.

Айгүл МОЛДАШ,
Павлодар қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.