Жаз келсе балабақша балаларын сауықтыру іс-шараларымен қатар, тәрбиесіне зор ықпал ететін, оларға қауіпсіздік жөнінде өтетін мерекелік іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады. Сондай балабақшалардың бірі Сәтбаев қаласының КМҚК № 26 «Қарлығаш» бөбекжай балабақшасы.
Балабақшада бала біліміне, тәрбиесіне зор көңіл бөліп, маман иелерінің жұмысқа деген жауапкершілігі өте көп. Балалардың қауіпсіздігі, сана-сезімінің қалыптасуы, денсаулықтарының нығаюы жаз мезгілінде қырағы бақылауда. Жаз айлары басталғаннан-ақ балалар уақытын қызықты әрі пайдалы өткізуді мақсат етіп, тиісті іс-шараларды қолға алынады.
Сондай іс-шаралардың бірі өмір қауіпсіздігі негіздері бойынша шілденің 26 жұлдызында өткізілген«Үйде жалғыз» атты ойын-сауық түріндегі ашық сабақ болды. Мақсаты: Сұрақ – жауап бойынша қойылымды әңгімелеу, қойылған сұраққа толық және дұрыс жауап беруге үйрету, балаларға үйдегі қауіпсіздік ережелері жөнінде түсінік беру және жаттау есте сақтау үйрету, өзімдікке тәрбиелеу.
I-ші және II-ші кіші топтарына арнап қуыршақтар театрының «Бауырсақтың бастан кешкен оқиғалары» көрсетілді. Қуыршақтар театры қойылымын балабақшадағы кіші топтар тәрбиешілері бірлесіп көрсетті. Балаларға ертегі ұнап, ұйып тыңдаған еді. Бүлдіршіндер жас ерекшеліктеріне сай қойылған сұрақтарға жауап бере алды. Бөгде адамдармен сөйлесуге болмайтынын, олардың берген заттарына алданып алуға болмайтындарын айта отырды.
Ал, ортаңғы, ересектер және мектепалды естиярлар тобына арналған тәрбиешілердің кейіпкерлер кейпіне еніп сахналық қойылым көрсетілді. Балабақша тәрбиешілерінің актерлік шеберліктерінің өте жақсы деңгейде көрсеткенін балалардың қызығушылық танытқанынан-ақ байқауға болады. Балалар қойылған сұрақтарға нақты және толық жауап бере алды. Қызығушылық танытып, болып жатқан жәйттарға өз пікірлерін айта отырды.
Қуыршақтар театрын көрсеткен I-ші және II-ші кіші топтарының тәрбиешілері Махамбетова Э.Х, Абжанова М.Б, Абишева А.А. Театрландырылған қойылымның рөлдерін сомдаған: Афанасьева Г.А., Хафизова А.М., Родневич И.Л., Болат А.Қ., Муканова А.М., Касымова А.И. Тәрбиешілердің өнері өрге жүзіп, кішкентайлар олардың қойылымына дән риза болды.
Касымова А.И.,
КМҚК № 26 «Қарлығаш»
бөбекжай балабақшасының әдіскері,
Сәтбаев қаласы