Home » Мақалалар » Өмір туралы толғаныс

Өмір туралы толғаныс

Құдірет біреулерді ақын еткен

Біреулерді өнерден пақыр еткен

Табиғат заңы солай өзгермейтін

Өмірден ақын да, өткен пақыр да өткен

 

Артында сөз қалмаса несі ақын?!

Айтар сөзі болмаса жанға жақын

Оқушысы тебіреніп, толғанбаса

Ақынның да болғаны онда пақыр

 

Өнер қуып өтермін мен өмірден

Алдымда мені талай белес күткен

Өмірім мен өнерді тең өремін

Сезімді жыр кеудемде тербетемін

Осы жыр жолдарын 7- сынып оқып жүрген кезімде жазған болатынмын.Ол уақытта мен бұл өлеңнің мағынасын жете түсінбеген екенмін,өйткені ол балалықтың әсері болар. Көйлегі көк, тамағы тоқ ойын баласының ойына осындай жыр жолдарының оралуы шабыт деп аталатын бір тылсым дүниенің қуаты болар. Білмеймін?!

Ал қазір жете ойланып , бір кесетін уақытымда осы жырдың түпкі мағынасына үңілсем, қамшының  сабындай қысқа ғана өмірде кейбір замандастарымыз өмірдің қызығы мен мәніне немқұрайлы қарайтынына куә болып жатырмын.

Қазіргі таңда өз балаларының маңдайынан сипап, ақыл айтып, мейірім мен рахымның, ізгілік пен шапағаттың нәрін себер уақытта небір теріс ағымның жетегінде кетіп,артына жақсы сөз қалдыра алмай, қызылды-жасылды арзымас дүниенің қызығына батып кеткен қандастарымыздың өмірі мені қатты толғандырады. Олардың ақ білектің күшімен, найзамен ұшымен қаншалықты қан төгіліп, тәуелсіз ел деген атқа ие болған кезімізде Отанға деген опасыздығы, отбасына деген қиянаты, балаларына деген сатқындық адам жанының тұмшаланған сәті ме екен?! Әрбір пенде мынау ғазиз дүниеге құштарлықпен, құлшыныспен көз тігетін болса,ол өмірдің уыс-уыс ақшасыз, сатқындықсыз-ақ дәмін татар еді.

Бір ғұлама:  «Мен сақтықты зағиптардан үйрендім»-депті.Оның себебі, зағип жандар қолындағы таяғымен жерді 5-6 рет шұқып барып, аяғын басады екен.Сол жандар сияқты көзі ашық, көкірегі ояу жандар қалай өз қадамын басады? Осы бір сұрақ мені өте көп ойландырады.

Өмір сүру, өмірге құштарлық көбіне мүмкіндігі шектеулі жандардың талпынысы арқылы  айқындалып жатыр.Өйткені олардың жан – дүниесінің мұнтаздай тап-таза ,   дүние деп аталатын өмірдің есігін ашқанының өзі бір ғанибет екенін ,он екі мүшесі сау адамдар қайдан білсін?

Ондай жандар ертеңін  жалғап отырған  ұрпағының жоғалып кетпеуіне қалай қасқайып қарсы тұра алады.? Алтын ұрпақтың тот басқан қара темірге айналып кетпеуіне қалай кепілдік береді?Өмір осы сұрақтардың бәріне жауап берер ме еді,адамзат баласы өмір туралы ойланып, құлшынысын арттырып, өмір жолын дұрыс  қалыптастыра алған уақытта.

Тәңір тіршілікті жалғассыз етіп жаратса, мына шексіз әлемді баяғыда –ақ қара түнек басқан болар еді.Адам өмірінің мәні-асыл ұрпақ.Сол асыл ұрпақтың пәни дүниеден баз кешіп, қысқа ғана өмірде өз орнын жоғалтпай өмір сүруіне біз үлкендердің ықпалы өз күшін жоғалтпаса, әрбір жанның өмірге деген құлшынысы, талпынысы айқын да анық болады және өмірден дұрыс жол таба алатынын ұмытпайық!

 

                                                                                                 Ордабасы ауданы
                                                                                           Шұбарсу аулы
Якубова Арайлым
Мұхаметқұл Исламқұлов
атындағы жалпы орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.