Home » Мақалалар » Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тарих мұрасы» кіші жобасы аясында оқушыларды тарихи киелі мекендермен таныстыру экскурсиясы.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тарих мұрасы» кіші жобасы аясында оқушыларды тарихи киелі мекендермен таныстыру экскурсиясы.

Туған жерге сүйіспеншілік туған тарихыңды тереңнен білуден басталады. Еліміздің әрбір тауы мен өзені, сайы мен қыры – тұнып тұрған тарих. Оған сай сол өлкеде халқына пана бола білген, ел есінде қалған біртуар перзенттер бар. Ал, олар жайында жас ұрпақтың білгені абзал.

Саяхат ең алдымен Оңтүстік Қазақстан облысындағы тарихи, киелі орын Арыстан баб кесенесіне барудан басталды. Бұл жерде баба мүрдесі қойылған ерекше бөлмені көріп, арнайы тілек тілейтін орында болып, Арыстан баб құдығының қасиетті суының дәмін таттық. Бұл кесене XXI ғасырда өмір сүрген діни көріпкел Арыстан баб мазарының үстіне салынған.

Киелі жердің тағы бір кереметіне айналған найзағай түскен жерге пайда болған қасиетті Үкаш Ата құдығына ат басын тіредік. Біз Үкаш атаға келгенімізде «Алланың нұры» жауын жауып тұрды. Табиғаттың  кереметтілігі  өте жақсы көңіл-күй сыйлады.

Әулиенің кеніне айналған қарт Қаратаудың қойнауы киелі орындарымен ерекше. Ел есінде аңыз болып қалған киелі орынның бірі – Үкаш ата есімімен байланысты. Ислам дінін таратушы Үкаша сахабаның кесенесі мен құдығы орналасқан. Кесене мен құдықтың екі арасы шамамен алғанда бір шақырымдай. Үкаш ата дегенде ең әуелі жұрттың есіне тау басындағы құдық еске түседі. Мұнда келген әрбір адам бірінші Үкаша атаның қабірі орналасқан кесенеге кіріп құран оқиды. Онан кейін барып тау басындағы құдықтың басына барып су алады. Кереметке толы құдық пен сахабаның қабірі жатқан кесене жайлы аңыз-әфсана бұрнағы уақытта жыр-дастандар арқылы кеңінен таралды. Құдық басындағы шырақшылар қызықты мәліметтермен бөлісті. Шырақшылардың айтуы бойынша 28 метр тереңдіктегі құдықтың суын шын ниеттенген адамдар ғана ала алады. Кейде мың адамның біреуіне судың орнына тас ілігеді екен. Судың адам денсаулығына ем болатын қасиеті бар екен.

Бұл экскурсияның танымдық қызметімен бірге тәрбиелік, сауықтырушылық және спорттық мәні де зор болды. Бұл тарих саласы мен ой-танымдық мәдениетіне және шынайы тәжірибе алмасуға бағытталған бұл саяхат көпке үлгі болары сөзсіз.

Бұрында кітаптан оқып, суретін көріп, естіп жүрген жерлерін оқушылар өз көздерімен көріп, ауасымен демалып, қолдарымен ұстап, ұмытылмастай әсер алды.

Қызыққа толы танымдық саяхаттан оқушылар жақсы әсермен оралды.

 

Дайындаған:
Оңтүстік Қазақстан облысы
Түркістан қаласы
№27 жалпы орта мектебі
6 «В»- сынып жетекшісі Азимбаева А

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.