Home » Жас қалам » Өмірдегі екі бірдей жәннатым

Өмірдегі екі бірдей жәннатым

“Ата-анам ауырмасын” деп,

Аллахтан жиі сұраймын.

Күлімдеп, қасымда жүрсе тек,

Қалғанның барлығына шыдаймын.

 

“Ата-анам жыламасын” деп,

Аллахтан жиі сұраймын.

Құламасын жаныма кеп,

Қалғаны болмас уайым.

 

“Ата-анам жәннаттық болса” деп,

Аллахтан жиі сұраймын.

Күнәларын кешірші деп,

Жолдарында бір Аллахқа жылаймын.

 

Я, Алла жар болшы ата-анама,

Оларға жетер бұл өмірде адам бар ма?

Өмірдегі екі бірдей жәннатым,

Жанымда жүрсе я, Аллам бақытты екем.

 

             Өмір мені үйретті

Өмір мені үйретті қуануға,

Шүкір қылып жаратушы Аллаға.

Мен сүріп жүрген өмір карасам,

Біреулердің айналған арманына.

Өмір мені үйретті өкінуге,

«Алданба!» деп мына бір қу дүниеге,

Уақыт қайта айналып келмейді деп,

Амал жоқ мәжбүр қылды сенуге.

Өмір мені үйретті жылауға,

Аяғымнан шалып келіп құлауға.

Одан кейін сабыр беріп біртіндеп,

Жігер берді қайта аяққа тұруға.

Тағдырдың бұл тәлкегі аямайды,

Ал өмір үйретеді аялауды.

Жан-жағына бақытпен шынайы,

Бар сезім үмітпен қарайлауды.

Үйретті бақытты өмір сүруді,

Біреуге шын, біреуге өтірік күлуді.

Өмірдің заңы қатал болса да,

Я, Аллам мына бізден аямашы төзімді.

 

Оразамен өтіп жатыр күндерім

 

Оразамен өтіп жатыр күндерім,

Нығметтің де қадірін білгенім.

Аллаға тек шүкір айтамын,

Жан дүниемді тазалап бір емдедің.

«Қанағат» деген сөздерімнің мәндерін,

Ұғындырған жаратушы жан едің.

Сенің арқаң құлыптың кілті менде,

Төзім, сабыр менен тәубенің..

Ауызашарда қабыл болып тілегім,

Нұрланады сәресімен жүрегім.

Я, Аллам бір өзің жар болшы,

Өзіңді ұлық деп, саған ғана сенемін.

Динара Жалғасова

Маңғыстау облысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.