Home » Жаңалықтар » Өлкетанулық жұмысты ұйымдастыруда білім мен тәжірибе

Өлкетанулық жұмысты ұйымдастыруда білім мен тәжірибе

«Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында «Мектептегі өлкетану жұмысын ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, тарих, география, биология, музыка, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсы өткізілуде. Курс жетекшісі «Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыс (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі»  кафедрасының аға оқытушысы Кайрова Тамара Куангалиевна.

Аталмыш курс – орта білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында мектептегі өлкетану жұмысын ұйымдастыру мен жүргізуге бағытталған. Курс барысында өлкеміздің тарихы мен мәдени оқиғалары, жекелеген елді мекендердегі дамудың өзара байланысы туралы тұтас көзқарас қалыптасып, туған өлке туралы білімді дамыту бойынша тәрбие шараларын ұйымдастыру стратегиялары мен белсенді тәсілдерді тәжірибеде қолдана алады.

«Өрлеу» Атырау баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.