Home » Жаңалықтар »       Өлең боп қана өтсем

      Өлең боп қана өтсем

Ж.Нұрсейітов атындағы № 233 орта мектеп кітапханасында №2 балалар кітапханасымен бірігіп ұйымдастырылған. Тарлан ақын – Т.Жароковтың  110 жылдығына  арналған «Өлең  боп қана өтсем» атты поэзия кеші өтті. Кеш барысында, ақынның өз тұсындағы  өмір құбылысына, халық тірлігіне ақындық ыстық шабытпен араласып,бар талантын халқының қажетіне жұмсағанның айғағы – ақынның «Талмас тұлпар»,»Жастық оты»,»Шүйінші»,»Қазақстан» т.б.өлеңдерін Дауытова Феруза,Үңгітбай  Жасмин, Досқожаева  Алина 9 а,б,в сынып оқушылары  жатқа оқыды. Жароковтың аудармашылық өнеріне айырықша  көңіл аударылып оның  А.С.Пушкиннің «Қамауда»,»Қысқы кеш» сонымен қатар М.Ю.Лермонтовтың,А.Сурковтың шығармаларын қазақ тілінде оқып көрермендердің көңілінен шықты. Шараға қатысушы балалар ақынның шығармаларына қызығушылық танытып,кештен алған әсерлері туралы ойларымен  бөлісті.Кеш соңында №2 балалар кітапханасының  меңгерушісі  Сейдахметова Рая ақынның шығармаларына арналған «Тарлан ақын – Тайыр Жароков 110 жаста» атты кітап көрмесімен таныстырды.Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Утеева Гаухар кешті қорытындылай келе ақынның шығармашылығын  әрі қарай зерттеп оқуға шақырды. Кеш соңы әсерлі болды.

 

Райкулова Айгул
Қызылорда облысы
Ж.Нұрсейітов атындағы № 233 орта мектептің
кітапхана меңгерушісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.