Home » Балабақша » «Өзін-өзі тану» пәні — балабақшада!

«Өзін-өзі тану» пәні — балабақшада!

2017-жылы 27-сәуір күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы, «Алмагүл» бөбекжай-балабақшасында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» пәнінің жүргізілуі, әдіс-тәсілдері» тақырыбында облыстық оқу әдістемелік семинары өтті. Облыстық семинарға Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы «Өзін-өзі тану» және балалардың құқықтарын қорғау» бөлімінің бас маманы Биболова Алия Таңатқызы, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ аға оқытушысы Тұранова Гүлжаныш Құрбаналиқызы, ОҚО білім басқармасы жанынан құрылған әдістемелік кабинеттің «Өзін-өзі тану» пәні бойынша жауапты маманы Қаймолдаева Бақыткүл Бейсеканқызы және Сарыағаш, Бәйдібек, Түлкібас, Кентау, Шардара, Мақтарал,Отырар, Төлеби, Шымкент, Арыс, Түркістан қалалары мен аудандардан балабақша меңгерушілері, әдіскерлері мен тәрбиешілер, ардагер ұстаз Тебаева Бибажар Қабжанқызы, «Деловой Казақстан» газетінің Алматы қаласының редакторы Хожамуратов Мағауя Губайдуллаевич, «Білім айнасы» республикалық газетінің бас редакторы Катшабаев Қуантай Амантайұлы, «Қаратау тәжі» газетінің тілшісі Тулебаева қатысты.

Семинарда «Алмагүл» балабақшасының тәрбиешілері мен тәрбиеленушілерінің ұйымдастыруымен «Жаса Қазақстан!» тақырыбында флешмоб көрсетіп, қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Облыстық білім басқармасының «Өзін-өзі тану» және балалардың құқықтарын қорғау» бөлімінің бас маманы А.Биболова сөз алып, келген қонақтарға бүгінгі семинар жұмысының бағыты мен көздеген мақсатына тоқталды. Аталмыш семинар жұмысында мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа форматтағы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының міндеттерін, негіздерін және кезек күттірмей іске асыратын талаптарын айтып, білім саласын руханиландыру мен ізгілендірудің аса маңыздылығына тоқталып өтті. Облыстағы осы салада кең көлемде атқарылған жұмыстар мен «Өзін-өзі тану» пәнінің жүргізілуі мен сапасына жасалынған мониторинг жұмыстарының нәтижесіне тоқталды. Қатысушыларды «Өзін-өзі тану» пәнінің рухани-адамгершілік құндылығының тереңдігін айқындайтын аксиологиялық аспектілер құрылымымен толық таныстырды.

«Алмагүл» балабақшасының тәрбиешілері Төлтаева Ақерке «Достық әлемінде», ағылшын тіоі пәні мұғалімі Стрепкова Елене Николаевна ағылшын тілі пәнін «Өзін-өзі тану»пәнін кіріктіре отырып өткізсе, Жапатова Алтынай Тұйғынбекқызы «Я и моя семья», Рустамова Зарина Рустамқызы «Родной край» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметтерін ұсынды. «Өрлеу» БАҰ АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ аға оқытушысы Тұранова Гүлжаныш Құрбаналиқызы – «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы Өзін-өзі тану» пәнінің жүргізілуі туралы нақты түсіндіріп,әдіістемелік көмек берді. Кентау қалалық білім бөлімінің «Өзін-өзі тану» пәнінің әдіскері Мақұлбекова Айгүл Аманкелдіқызы Кентау қаласы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» пәнінің жүргізілуі туралы баяндама жасады.

ОҚО білім басқармасы жанынан құрылған әдістемеліік кабинеттің маманы Қаймолдаева Бақыткүл Бейсекановна ізгі тілектерін білдіріп, облыстық семинарды жоғары деңгейде өткізген педагогтарды ОҚО білім басқармасы әдістемелік кабинеттің алғыс хаттарымен марапаттады.

Облыстық семинар жұмысын Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы «Өзін-өзі тану» және балалардың құқықтарын қорғау» бөлімінің бас маманы Биболова Алия Таңатқызы қорытындылады, Кентау қаласы «Алмагүл» бөбежай балабақшасының семинарды ұйымдастырушыларға, ашық сабақ көрсеткен Кентау  қаласының «Алмагүл» балабақшасының тәрбиешілеріне  алғыс білдірді..

Облыстық семинар жұмысы «Көлеңке театры», «Қуыршақ театрымен» балалармен дайындалған концерттік  бағдарламамен аяқталды.

Облыстық семинарда балабақша тәрбиешілерімен «Қу түлкі» қойылымы қойылып қонақтарға жағымда әсер қалдырды.

Бас маман Алия Танатқызы өздерінің шығармашылық жұмыстарымен, тәжірибелерімен бөліскен барлық педагогтар мен қатысушылардың еңбектеріне шығармашылық табыс тіледі.

Қалымбетова Ғазиза Исабекқызы

ОҚО, Кентау қалалық білім беру бөлімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.