«Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз,
ойын ойнамағандықтан қартаямыз»
Бернард Шоу
Мақсаты: — педагогтардың эмоциялық көңіл-күйлерін жақсарту;
— ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру;
— сергек қимыл, ширақ ой, сезімтал жүрекпен өз кәсіптеріне, өзіне деген қызығушылықтарын одан әрі жандандыру;
— жеке тұлғаның қажеттерін ашу;
— жұмысқа деген қабілеттілігін арттыру, ұйымшылдыққа шақыру.
Тренингтің шарттары:
— белсенділік таныту;
— бір-бірінің ойларын бөлмей тыңдау;
— тек өзінің атынан сөйлеу;
— қатысушылар жайлы алынған жеке ақпараттарды басқа тыс жерде талқыламау. Жаттығу барысында ешкімді сынға алмау, егер мұндай қажеттілік туындаса, талқылау кезеңін тосу.
Қатысушылар: педагогтар.
Жұмыс түрі: топтық жұмыс.
Сәлеметсіздер ме, қымбатты ұстаздар! Бүгінгі тренинг сабағымызға қош келдіңіздер! Сіздердің бүгін бір-бірлеріңізге айтатын, ішіңізде тұрған маңызды нәрселерді сыртқа шығаруға үмкіндігіңіз бар. Осындай, қолайлы сәтті жіберіп алмай, мүмкіндікті айдалана аласыздар. Бұл жалғанда адамға адамнан басқа дос, жолдас жоқ. Дүние де, байлық та, атақ та, даңқ та,билік те, адамға жолдас бола алмайды. Олай болса адамдар бірін-бірі құрметтеп, сыйлап, қолдау көрсетіп, демеп жіберіп, көңілдерін аулап отыруы абзал. Адамның өмірі адаммен, бірінсіз-бірінің күні жоқ. Адамдар арасындағы қарым-қатынас жақсы болса, көрер күндері де қызықты, өз ортасында сыйлы ола алады. Менің барлық жеңісім мен жеңілісім, дұрыстығым мен қателігім өзімдікі. Мен өзіме жеткіліктімін, мен өзімді жасай аламын.
Мен өте тамаша адаммын. Ендеше, сіздерге сәттілік тілей отырып,т ренингімізді бастаймыз.
- «Батпақтан шығу».
Мақсаты: өзара қарым-қатынас пен ауызбіршілікті анықтау.
Барысы: парақтың үстімен жерге аяқтарын тигізбей өту керек, егер жылдам өтсе қағазды тағы бір рет бүктейді, сөйтіп 3 рет бүктеп жүріп өту керек, өте алған адам жеңімпаз.
- Аңдар мен жәндіктер.
Бірінші қатарға аңдар (3 аң).
Екінші қатарға жәндіктер (3 жәндік).
Осы жазғандарын берілген сөйлемдегі көп нүктелердің орнына қойып оқуы керек.
Қорытынды:
- Мені жұрт …. деп ойлайды.
- Мені …. деп ойласа екен деймін.
- Дәл өзіңіз …. сияқтысыз.
- Сіз жұмыста ….
- Жарыңыздың алдында ….
- Негізі ….
- «Сиқырлы қол».
Барысы: әр қатысушы ақ парақтың жоғарғы тұсына өз атын жазады да, өзінің қолын парақтың бетіне қойып қаламмен айналдыра сызып, қолдың суретін салады. Әр саусаққа белгілі бір қасиетін жазып, әр түскеде бояуға болады. Содан кейін алақандар шеңберімен басқаларға жалғастырылады. Басқа қатысушылардың әр қайсысы осы алқанның иесіне тән қасиетін жазады. Соңында кері келген парақтан ол өзі туралы мәлімет алады.
Біздің өз-өзімізді басқаның сені бағалауында белгілі бір шындыққа жанасатын тұстары бар екенін білесің.
- «Канал тұрғызу».
Барысы: қатысушылар бір қатарға тұрып ақ параққа қағазды екі бүктеп канал жасайды, сосын оны орап труба жасап, дөңгелек денені жібереді. Жіберген затты түсірмей ең соңынан шығару керек.
- 5. «Ақ тілек».
Барысы: шардың ішіне түрлі тілектер жазып салынып қойылады. Қатысушылар өзіне ұнаған шарды алып үреді де, оны жарады. Ішіндегі тілекті оқиды.
Құрметті әріптестер, осы шардан шыққан ақ тілекті сіздерге тілей отырып, бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз! Сау болыңыздар!
Ибраева Шынар
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл селосы, «Боранқұл бөбекжайы» МКҚК
тәрбиешісі