Home » Жаңалықтар » «Алтын бесік» балабақшасы – Қуаныш үйі

«Алтын бесік» балабақшасы – Қуаныш үйі

2017 жылдың 18-сәуірінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» аға оқытушысы Ионова С.П. практикалық-педагогикалық зерттеуі аясында «МДҰ тәрбиешісінің кәсіби әрекеттерінің психологиялық-педагогикалық негіздері» тақырыбында семинар өткізді.

Бүгін ересек адамның балаға деген қатынасының әлеуметтік құрылымы белсенді түрде ауысып жатыр, «бала жеке тұлға парадигмасы» басымдылығы күшіне еніп жатыр, бұл бала кім болып шығады емес, қазіргі уақытта кім екендігін көрсетеді. Осыған байланысты педагог функциясы өзгереді, енді ол балалардың өзгеруі мен өзіндік дамуы үшін тиімді жағдай жасайды.

«Алтын бесік» балабақшасының директоры Шалғымбекова Ж.Р. басқарып отырған педагогикалық ұжымында педагог функциясының ауысуы Н.М. Крылованың «Балабақша – Қуаныш үйі» бағдарламасы бойынша эксперимент аясында табысты жүріп жатыр.

Бағдарламаның басты ойы: «Ешкімге ештеңе үйретуге болмайды! Тек қана өзі үйренуі керек!». Балалардың өздігінен жұмыс жасауы үшін, тұлға ретінде қалыптасуы үшін тәрбиешілер Н.М. Крылованың ұсынған кез келген әрекетінің қызықты көрнекті моделінің құрылымын пайдаланады. Олар әрқашан және әркімге қол жетімді. Бұл – алақан, анығырақ айтқанда бес саусақ, олардың әрқайсысы іс-әрекет құрылымының бір компонентін білдіреді. Шынашақ әрекеттің мақсатын білдіреді (не істегіміз келеді); шылдыр шүмек – материал немесе зат (неден жасауға болады); ортан терек – іс-әрекет құралы (немен жасау керек); балан үйрек – іс-әрекет тәсілі және тәртібін білдіреді (тәртіп бойынша қалай жасау керек) және, ең соңғысы, жоғары көтерілген бас бармақ, жеткен нәтижені оның бағасын білдіреді (не шықты). Тәрбиешілер А.В. Смаль және А.Б. Еспанованың арқасында екінші кіші топ балалары осындай көрнекті құрылымды іс жүзінде меңгеру үстінде және өздерінің іс-әрекеттері барысында пайдаланып жүр.

Шағын орталық тәрбиешілеріне арналған біліктілік арттыру курсының тыңдаушылары семинарға қатысты.

С.П. Ионова

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

 Қостанай облысы бойынша ПҚ

БАИ МББОТТ кафедрасының аға оқытушы

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.