Home » Айтарым бар » Өзге емес өзім айтам өз жайымды

Өзге емес өзім айтам өз жайымды

 Мен, Мархабаева Кульзия Узбековна, 1976 жылы 5 наурызда Алматы облысы Жансүгіров кенті Көкөзек ауылында дүниеге келдім. Әкем домбыра тартқан өнерлі адам еді. Өкінішке орай, екі жасымда өмірден озды. Аллаға шүкір, Анам 86 жасқа келді, анда –санда ән айтатыны бар. Өнерге баулуға тәрбиелеген-менің аяулы  анам десем қателеспеймін. Себебі, бес жасымнан ән айтып 11 жасымда домбырамен ән айтуды үйрендім. Ең алғаш домбыра мен ән айтып аудандық облыстық байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүрдім. Содан бері музыка  менің өмірімнің мәніне айналды.

1986 жылы қараша айында «6» сынып оқып жүрген кезімде мені Мәскеуге өнер көрсетуге шақыртты. Мәскеуде өткен Қазақстанның онкүндігіне қатысып, «Анамның мерекесі» атты Ә.Асылбековтың сөзіне жазылған М.Егінбаевтың әнін домбырамен орындадым ВДНХ-да ЛАУРЕАТ медальімен дипломмен марпатталдым. 1989 жылы Республикалық «Тамаша» ойын-сауық отауына қатысып домбырамен «Перизат» деген ән орындадым. 1993 ж. Алматы қаласында Республикалық теледидарлық «Терме» хабарында Н. Аитовтың сөзіне жазылған М.Егінбаевтың «Жерұйық»атты термесін орындадым. Мектепте оқып жүріп Жансүгіров кентіндегі музыка мектебінде бітірдім. 1993жылы Көкөзек ауылындағы Қ.Терібаев атындағы орта мектепті 1993жылы бітіріп, сол жылы Талдықорған қаласындағы Жетісу мемлекеттік Университетінің музыка факультетіне оқуға түстім. 1996 жылы оқу орнын қызыл дипломмен аяқтап Талдықорған қаласындағы музыка мектебінде жұмыс істедім. Еңбек жолым осы жерден басталды. Кейін, 2009 жылы тұрмысқа шығып Талғар ауданындағы Ақдала ауылында №44 мектепте музыка пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеп келемін. Ұстаздық қызметпен бірге өнерлі шәкірттерді тәрбиелеп аудандық, облыстық Республикалық көлемде шәкірттерім лауреат атанып мектебіміздің мақтаныштарына айналдыруға атсалысудамын.

Жеткен жетістіктеріміз де жоқ емес:

2017-2018 жылғы. оқу жылында мектебіміздің өнерпаздар оқушылары  жарыстарда жүлделі орындармен оралды.

2017 жылдың  14-16 қазан аралығында «Жастар жаққан жұлдыз» атты балалармен жасөспірімдер арасындағы Республикалық көркем сөз, ән-би, күй байқауында «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша өнер көрсетіп, ерекше дарындылығымен тәнті еткені үшін Әбдіқалық Мақпал 1дәрежелі дипломмен марапатталады.

«Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша өнер көрсетіп, ерекше дарындылығымен тәнті еткені үшін Абдікерім Мейіржан 2дәрежелі лауреат дипломмен марапатталады.

«Вокал» номинациясы бойынша өнер көрсетіп, ерекше дарындылығымен тәнті еткені үшін Алимжанова Диана 1дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Вокал» номинациясы бойынша өнер көрсетіп, ерекше дарындылығымен тәнті еткені үшін Сәрсенәлі Аяулым 1дәрежелі дипломмен марапатталды.

2017 жылдың тамыз айының 21күні өткен Аудандық «Текті сөздің төресі-терме» атты жыршы-термешілер байқауында 1орын дипломмен Мархабаева. К.У. марапатталды.

2017жылдың 14-16 қазан аралығында «Жастар жаққан жұлдыз» атты балалармен жасөспірімдер арасындағы Республикалық көркем сөз, ән-би, күй байқауында жас жеткіншектерге берген тәрбие мен еңбегі үшін Алғыс хат 2017 жылдың 25қазан айында өткен Аудандық кәсіподақ  ұйымының көркем өнерпаздар байқауында білім бөлімінің басшысының 2-дәрежелі дипломмен Мархабаева К.У. марапатталды.

12.12.2017 жыл Аудандық білім бөлімі Тәуелсіздіктің 26 жылдығына арналған аудан аралық оқушылар шығармашылығы арасындағы «Атамекен» ән-би байқауына мектебіміздің  оқушылары жүлделі орынмен оралды.

7ә сынып оқушысы Алимжанова Диана жүлделі 1-орын,

7ә сынып оқушысы Құсайынов Жасұлан 2-орын,

7ә сынып оқушысы Тойғамбекова Диляра 3-орын,

5ә сынып оқушысы Сағи Еркебұлан3-орын,

5а сынып оқушысы Рысдәулет Нүрия «Өнерлі өрен» номинациясы дипломмен марапатталды.

2018 жылдың 10-12 ақпан аралығында «Сырым бар жүрегімде» атты Республикалық көркем сөз, ән-би байқауына мектебімізден «Өнерлі өрен» ансамблі. Күй номинацияцы бойынша 1дәрежелі дипломант дипломмен мараппатталды. Вокал номинацияцы бойынша Тұрқожаева Ақерке 2а сынып, Сағи Еркебұлан 5әсынып, Алмазбек Жұлдыз 5ә сынып, Тойғамбекова Диляра 7әсынып, Мырзахан Ақарыс 7әсынып оқушылыры 1-дәрежелі дипломант дипломмен мараппатталды.

«Сырым бар жүрегімде» атты Республикалық көркем сөз, ән-би байқауына қатысушы балғындардың өрелі өнеріне айырықша шығармашылық ықылас білдіргені және оқу-тәрбие, мәдени-ағартушылық саласында сіңірген нәтижелі еңбегі үшін Мадақтама қағазымен марппатталдым.

28.02.2018 жылы Астана қаласының 20 жылдық мерей тойына орай ұйымдастырылған аудандық «Астана елімнің жүрегі» атты патриоттық әндер байқауында мектебімізден

5ә сынып оқушысы Сағи Еркебұлан Алғыс хатпен мараппатталды.

2017жылдың қарашаның 8-інде Қазақ халқының тұрмыс-салт әндері «Бесік жыры» тақырыбында 5 «а» ашық сабақ өткіздім.

2018ж 14 сәуірінде 2 «а» сыныбында «Көктем жаңбыры» атты ашық сабақ өткізілген сабақтар өте жақсы деп бағаланды.

2018ж 16 сәуірінде Сыныптан тыс «Өнер талантты өсіреді» атты концерт өнерпаз оқушыларымыздың қатысуымен кең ауқымда өткізілді.

Болашақ жастардың  қолында. Жақсы күндермен жақсы жаңалықтың бәрі алда. Өмір айдынында өз арманымның жолында еңбек етіп жүргенім үшін сансыз шүкіршілік.Мықты маман деген атқа лайық болып,талай бүлдіршіннің музыкаға махаббатын оятатыныма сенімдімін. Себебі, музыка менің өмірімнің мәні.

Мархабаева К.У.

 Алматы облысы Талғар ауданы

Ақдала ауылы

жоғарғы санатты музыка пәнінің мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.