Балабақшаның білім беру қызметінің әртүрлі қырларын бақылау оқыту мен тәрбие берудің күйі, тәрбиешінің балалармен және ата-аналармен өзара әрекеттестігі туралы нақты деректі материал алуға мүмкіндік береді. Сондықтан да мұндай әдіс педагогикалық диагностикада бастапқы әдіс болып есептеледі. Ата-ана мен бала арасындағы өзара қатынас педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері болып табылады. Олар жеке тұлғалық мән беріп, көзқарастардың дамуына, балалардың мінез-құлқына, олардың адамдарға деген қатысына әсер етеді. Жанұядағы өзара қатынас сипаты әдет-ғұрыптармен, темперамент ерекшеліктерімен, адамгершілік және педагогикалық мәдениетімен анықталады. Жанұяда бала тәрбиесінің жетілуі әлеуметтік-педагогикалық және материалдық сипаттағы көптеген жағдайларға байланысты. Олардың бірі бала тәрбиесіндегі жанұя мен педагогтың ынтымақтастық өзара әрекеті.
Бұл бағытта курс тыңдаушыларына «Бала – тәрбиеші, бала – ата-ана, тәрбиеші – ата-ана, тәрбиеші – әдіскер» арасындағы квалиметриялық әдістерді іске асыру бағалау критерийлерін әзірлей отыра, тәжірибелік сабақ өткізуге болады.
Тәжірибелік сабақ.
Тақырыбы: «Бала – тәрбиеші, бала – ата-ана, тәрбиеші – ата-ана, тәрбиеші – әдіскер» арасындағы квалиметриялық әдістерді іске асыру бағалау критерийлерін әзірлеу.
Мақсаты:Квалиметриялық әдістерді іске асырудағы тыңдаушының кәсіби біліктілігін арттыру.
Талқыланатын мәселелер: Ата-ана баланы? Ата-ана баланың оқу іс-әрекетіне көңіл бөлгенімен, олардың тиісті педагогикалық мәдениеті жоқ. Оқудың маңыздылығын мойындай отырып, олар баланы күштеу және қатал бақылау арқылы оқуға мәжбүрлеуге тырысады. Баланың оқуға деген қызығушылығын дамыту, балаға көмек көрсету ата-ана үшін қиындық туғызады. Олар сондай ақ, баланың сабақтан тыс іс-әрекетін ұйымдастырудан да қиналады. Осы мәселе бойынша өзара әрекет ету тәжірибесіндегі квалиметриялық әдістер қалай шығаруға болады?
Ата-анаға арналған сауалнама (Қандай тақырып Сізді қызықтырады?)
- Еңбек етуге әдеттенуді қалыптастыру.
- Баланың кітапқа ұқыпты қарауын және қызығушылығын тәрбиелеу.
- Балалардың байқағыштығын және зейінін дамыту.
- Балалардың танып білуге құмарлығын дамыту.
- Жақсы қылыққа тәрбиелейміз.
- Баланың еркелігі мен қыңырлығы.
- Денсаулығы мықты баланы тәрбиелеу.
- Отбасындағы әке.
- Отбасы тәрбиесіндегі ата-мен әженің орны.
- Тапсырма. Үлкен адамдардың шығармашылық күшін зерттеу (ата-ана мен тәрбиеші үшін).
Балалардың жетекшілері, яғни олардың ата-аналары мен педагогтардың шығармашылық ойлауын зерттеу – балалардың ойлау қабілетін зерттеуден кем емес. А.Н. Лук (1975) жоғары шығармашылық потенциалы бар педагогтардың дарынды балалары өмірде және оқуда тамаша жетістіктерге жеткенін айтқан болатын. Егер тәрбиеші шығармашылық қабілеттердің шкаласының төменгі жағында болса, онда оның дарынды баласы ашылмай, өздерінің мүмкіншіліктерін жүзеге асыра алмай қалады.
Тест «Сіздің шығармашылық потенциалыңыз қандай?»
Ұпайлар: А-3 ұпай
Б-1 ұпай
В-2 ұпай
Топтық жұмыс
- Тапсырма. Бала – ата-ана, тәрбиеші – ата-ана, өзара әрекет ету көрсеткіштері. Сызбаны жалғастыру.
Негізгі көрсеткіштер | Көрсеткіштер | Диагностика |
1.Жанұяның жалпы сипаттамасы | Жанұя құрылымы, ауқаттылық жағдайы, тұрмыстық жағдайы, ата-анасы туралы мәлімет | Жеке іс-құжаттарын зерттеу, жанұяға бару(бақылау, әңгіме жүргізу) |
2.Өнегелілік- психологиялық ауасы | ||
3.Ата-ананың педагогикалық мәдениеті | ||
4.Баланың сипаттамасы | ||
Ақпарат әртүрлі әдістер арқылы жиналады:
Бақылау,
Бала еңбегінің нәтижесін зерттеу,
Заттық дамыту ортасын жағдайы,
Балалардың тамағын ұйымдастырудың негізгі принциптері,
Ата-аналарға арналған диагностикалық материал.
«Төрт сөйлем» тәсілімен тәжірибелік сабақты қорытындылау.
Пікір.
Дәлел.
Мысал.
Қорытынды.
Әлім Гүлмира Әлімқызы
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Атырау облысы бойынша педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының
«Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру»
кафедрасының аға оқытушысы