И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжінде 2015 жылы оқытушылардың жетістіктерін дәріптеу, ауылшаруашылығы мамандықтарын және озат іс – тәжірибелерді насихаттау, жетістіктерін көрсету,тәжірибе алмасу, оқушыларға кәсіптік бағдар беру мақсатында “ХХІ ғасыр – білім мен өнер ғасыры”тақырыбында апталық өтті.
«Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз . Ал жас ұрпақтың тағдыры — ұстаздардың қолында» — дегендей, кез — келген оқыту технологиясы оқытушыдан терең теориялық,психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді.
“ХХІ ғасыр білім мен өнер ғасыры” тақырыбындағы ұйымдастырылып отырған апталықты ашу үшін сөз колледж директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары К.Бекмановқа берілді. К.Бекманов өз сөзін: «Болашақ ғасыр қазіргі заманнан өзгеше болады. Онда ұлттық – мәдени әлеует мүмкіндіктерінің рөлі өсіп, жаңа ғасырда пайда болатын жаңа технологиялар мен білімнің орасан зор көлемдегі даму процестерінің арта түсетіні — ХХІ ғасырды қарыштап дамыған білім ғасыры деп бағалай беруімізге болатындығын көрсетеді. Ал келер ғасыр білім мен ғылымның қарыштап даму кезеңі болмақ. Сондықтан да “Білім жүйесіне қызмет ету” — еліміздің болашағына қызмет ету. Еліміздің келешегі мұнай мен газға , ірі өндірістік алыптарға ғана емес, жас ұрпаққа беретін білім сапасына да тығыз байланысты» — деп аяқтады.
Циклі жетекшісі Қлышбаева Мархабат Жамбылқызы апталықтың бағдарламасымен, жоспар, мақсатымен таныстырып және оқытушы Жұмаш Мұңлық цикл көрмесін көрсетіп өтті. Көрмеде цикл оқытушыларының шығармашылық жұмыстары, олардың жетістіктері әдістемелік нұсқаулар, ғылыми жобалар, баспа материалдары, мадақтаулар,оқушылардың үйірме жұмыстарында жасаған материалдары, өзіндік жұмыстары, макеттер қойылып, флора мен фауна бұрышы көрсетілді.
Келесі күні цикл оқытушысы Жунусова Несібелі “Ұстаз шеберлігі – нәтижелі білім негізі” тақырыбындағы панорамалық сабағынан үзінді көрсетіп өтті. Жунусова Несібелі өз панорамалық сабағын жалғастыра келе: “Еліміздегі жаңа білім беру реформасы сапалы білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді мақсат етеді. Қазіргі қоғамдағы оқытушының міндеті ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан заманда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндетті тек кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті оқытушылар ғана атқара алады. Оқытушының кәсіби құзіреттілігі оның білімінің жан-жақтылығы, ұстаздық шеберлігі, оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық технологияны меңгеруімен өлшенеді. Оқытушы қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзіреттілік қабілеті де кең болмақ.” – деп қорытындылады.
Апталығымыздың үшінші күні оқушылардың білім деңгейін көтеру, жетілдіру, білім дағдыларын қалыптастыру, өз пәнін толық меңгеру, басқа пәндермен байланыстыру мақсатында “Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” тақырыбында «ветеринария» мамандығына қарасты В – 11 оқу тобы оқушыларымен оқытушы Райсова Ақнұр интеллектуалды шоу өткізді. Шоу сайыс, ойын түрінде өткізіліп, оқушылардың білімін жан – жақты анықтап, өз мамандықтары бойынша білімін тексеріп, олар өз ойларын ортаға ашып айта отырды. Бұл сайысты қорытындылау колледж әдіскері Зәуре Асанбековаға берілді.
Келесі күні оқытушы Талпақова Ұлжалғас Теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруды қалыптастыру. Ертеңгі маманның өз мамандығын ұнататын, елін, жерін сүйетін, жанашырлықпен қоршаған ортаға, қолмен атқаратын жұмыстарына жауапкершілігін, іскерлік қабіілетін оятып, тиянақтылыққа, өз бетінше жұмыс жасауға баулу мақсатында “Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас” тақырыбында оқушылармен бірге үйірме жұмысын өткізді.
Апталығымызды әрі қарай цикл оқытушысы Әбдреев Нұрғали дөңгелек үстелмен жалғастырды. Оқушылардың білім деңгейін көтеру, жетілдіру, білім дағдыларын қалыптастыру. Дөңгелек үстел облыс территориясында орналасқан су қоймаларында балық қорларын сақтау мәселелерімен танысып, суға жүргізілетін мелиорация жұмыстарының маңызын көрсету мақсатында “Балықты қорғау және мелиорация жұмыстарының маңызы” атты балық шаруашылығы инспекциясы мамандарының қатысуымен өткізілді.
Дөңгелек үстелдің актуалды мәселелерінің бірі таза су және су қоймаларын, арнаулы су тоғандарын ластанудан қорғау туралы әңгімені балық шаруашылығын жобалау бөлімінің бастығы Ахметов Жалғас мырза бастап кетті. Таза су мәселелері туралы және су тоғандарының ластануына жол бермеу туралы облыс территориясында атқарылған жұмыстардан мысалдар келтіріп, су тоғандарында балық қорын сақтау үшін гидромелиорация жұмыстарының маңызын көрсетті. Интерактивті тақтадан Республика территориясындағы су тоғандары мен су қоймаларындағы кәсіпшілік маңызды балықтар туралы бейне көріністер көрсетілді.
Жалпы аудиторияда қатысып отырған қонақтарға басты сауал ; балықты аулау ережелері және қорғау шаралары туралы сұрақ берілді. Берілген сауалға қатысып отырған маман қонақтар мазмұнды, толық жауаптар берді. Мәселелерді талқылап, қорытындылау сөз су ресурстарын пайдалану және инвестициялық жобалау бөлімінің бастығы Бакиров Қайрат мырзаға берілді. “Балықты қорғау және мелиорация жұмыстарының маңызы” атты дөңгелек үстелде талқыланған мәселелерге белсене араласқан қонақтарды сый-сиапаттармен марапаттады. Дөңгелек үстелді қорытындылау үшін колледжіміздің әдіскері З. Асанбекова өз ризашылығын білдіріп, аяқтады.
Апталықтың соңғы күні Жас ұрпақты біліммен қатар өнерге де баулу, оқушылардың өнерлік қабілеттілігін, өнерге деген құштарлығын арттыру мақсатында “Өнерліге өріс кең” тақырыбындағы концерттік бағдарламамен аяқталды.
Цикл жетекшісі Мархабат Қлышбаева “ХХІ ғасыр – білім мен өнер ғасыры” тақырыбындағы апталыққа өз пікірлерін айтуға колледжіміздің әдіскері Зәуре Асанбекова мен Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Бауыржан Сайдулланы және оны қорытындылау үшін ҚР білім беру ісінің үздігі Аманова Сарсен апайға сөз берді.Қорытындылай келе апталық барысында жетістіктерге жеткен және өз үлестерін қосқан цикл оқытушылары мен белсене араласқан оқушыларды марапаттады.
М.Ж.Қлышбаева
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда
аграрлық техникалық жоғары колледж
оқытушысы