Home » Мақалалар » Мамандықты таңдауға жас ұрпақты дайындау

Мамандықты таңдауға жас ұрпақты дайындау

Мамандық таңдау бұл адам өміріндегі ең маңызды, қиын және жауапты қадам. Жастар мамамндықты жақындарының пікірлерін ескере отырып, әсіресе өзінің әлеуметтік жағдайының тиімділігіне байланысты жиі таңдайды. Сондықтан мектептерде кәсіптік бағдар беру үшін 9-11 сыныптарда оқитын оқушыларда талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт –бағдар беру, әр мамандықтың қызығы мен қиындығы болатындығын түсіндіре білу керек. Сондай-ақ Қазақстан ҚРП-ң 2016 жылғы 1наурыздағы «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама бекіту туралы» №205 жарлығын жүзеге асыру мақсатында «Кеңгір селосының №2 ЖОББМ»КММ-нің оқушылары Жезқазған қаласындағы «Тау кен металургиялық колледжі»КММ-де кәсіби сынау жұмысына қатысты. Мектеп оқушыларына арналған кәсіби сынау жұмыстары әр мамандақтарға әзірленген жеке бағдарламалар бойынша өтті. Оқушылар «Тау кен металургиялық колледжі»КММ-сі жайлы толық мәліметтер алды. Өздеріне жұмыс жасап көрсеткен мамандардың жұмыстарымен танысты. Оқушылардың қызығушылықтары артып, «Электрмен және газбен дәнекерлеу» және «Электрмен жабдықтау» мамандықтарының оқу ғимаратының шеберханаларында өз қолдарымен жасап көрді. Оқушыларды жұмыс орындарымен жұмыс барасымен таныстырған Ажбенова Т.Б. мен Кудаспаева Ж. мастерлер болды. Алдағы уақыттарда да осындай іс-шаралар жиі болып тұрса, оқушылардың мамандақ таңдауда қателеспейтінін көреміз. Сондықтан жас ұрпақтың кәсіби дарынды маман, білікті маман болып қалыптасуына бағыт-бағдар беру- басты мақсатымыз екенін естен шығармағанымыз жөн.

Такашова Р.А.
Жезқазған қаласы
 «Кеңгір селосының №2 ЖОББМ»КММ педагог психолог

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.