Home » Білім және тұлға » Әріптес туралы сыр

Әріптес туралы сыр

Жоспар:
І Кіріспе.
Әріптесімді мақтан етемін.
ІІ Негізгі бөлім.
1)Ұстазымның келбеті
2) Әріптеске сыр шерту
ІІІ Қорытынды:
Әріптеске болған құрмет

 

Құрметтіде қадірлі, оқытудан жалықпайтын, үйретуден бас тартпайтын –әріптес. Мен сені әрқашан мақтан етемін. Ұстаздың халін ұстаздан басқа кім біледі дейсің?… Өмір деген ағын судай зымырап өтіп барады. Таңның қалай атып, кештің қалай батқанын білмейде қаласың . Мектепті бітіргенге де әпсәтте он жыл зымырап өтіп кетіпті. Осы онжыл ішінде қаншама шәкірт тәрбиелеп, білім беріп қажымай, талмай білгенін үйретіп жүрген ұстазыма рахмет.Ұстазың өз анаңдай ыстық болып қалар екен! Көргенде көзім қуанып қолыңды алуға асығамын. Есіміне заты сай, өзі гүлдей құлпырып, ерекшелініп тұрады. Дұшпанынан досы көп,үйінде асыл ана, аяулы жар, біздерге қадірлі ұстаз,сонымен қатар әріптестерінің ортасында сыйлы жан. Ал мінезінде бір мін жоқ, ақ көңіл ,жүрегі таза , ізденімпаз жан.Әрине ондай жанның есімін айтпауға болмас. Бұл кісінің есімі – Гүлжаухар апай. Апайды көргенде балалық шағым есіме түседі. Пай-пай «он алты» жасым. Өзге елдің тарихын он жыл оқып басыма еш қонбаған дәріс, он бірінші сыныпта осы апайымның арқасында «Қазақстан таихын» оқып әп-сәтте тарихқа қызығушылығым арта түсті. Бұл менің мақтанғаным емес, бұл шындық. Мектепте әріптестерінің алды болып, мектеп үшін күйіп-жанып жүреді. Өз жұмысына аса үлкен жауапкершілікпен қарап, үлкенге құрмет , кішіге ізет көрсетіп жүреді. Апайдың басқа апайлардан ерекшелігі бар, ол қандай дейсіздерме?… Апай мектепке үнемі бір формада келетін. Басқа апайлар секілді киімін күнде ауыстырып, алтын күміске бөленіп жүрмейтін. Әйтпесе тұрмыс жағдайы ешбір ұстаздардан кем болмайтын. Маған осы бір қрасиетімен көбірек ұнайтын. Шаш үлгісі де ерекше,қазірде солай жинайды. Осыдан он жыл бұрын шашы қалын болатын. Ал қазір сол әдемі шаштарі сиреп, бетін әжім басып, қартайғанын байқаймын. Әріптесімнің тағы бір ерекшелігін бар… Ол қандай ерекшелік дейсіздерме? Мен 2006 жылы Өзбекстан мемлекетінен Қазақстанға көшіп келдім. 11 «В» Гүлжаухар апайдың сыныбы болатын. Апайдың маған қойған бірінші сұрағы « сабақты жақсы оқыдыңба?»-деп сұрады Ал мен «ия жақсы оқыдым»—деп , жауап бердім. Бірде 8-наурыз халықаралық әйел-қыздар мерекесінде менің бір сыныптасым қораптағы шоколадты апайға сыйлады. Апай қуанып қалды. Сол күліп тұрған бейне әліде есімде. Апай үнемі өз ойын ашық айта білетін. Біреуге пайдасы тимесе, зияны еш тимейді. Үнемі бір қалыпты біркелкі көңіл күймен жүретін еді. Қазірде дәл солай , басын тік ұстап күлімдеп жүреді. Бұрын үш ауысым жүріп , шаршайтын едік. Биыл мектебімізге жаңадан корпус қосылып, екі ауысым болдық. Мектеп салып берген әкімдерге рахмет, алғысым шексіз. Өзім білім алып, өз үйімдей болып кеткен мектебім-ғой, қалай қуанбайын. Мектептің әрбір бұрышы маған қымбат. Ал , осы мектептегі әрбір ұстазды алтынға теңеймін. Ұстазым менің нұрым сен, Жарқырайтын өзіңмен. Ұстаздар-ау ! ұстаздар! Мақтанамын сіздермен. Ұстазым қаншама шәкірт тәрбиелеп, қабілетін жан –жақты дамытып, шығармашылығын, ізденімпаздығын ұштай білу үшін өзі шығармашыл тұлға болып бейімделген. Өз кәсібін жете меңгеріп қана қоймай, көптеген мақтау қағаздарын алып, білім саласында абырой-атаққа қол жеткізген ұстаздардың бірі. Оқытумен тәрбиенің тиімді жолдарын іздестіріп, өз ісінің қас шебері болып кеткен ұстаз деп білемін .
Гүлжаухар апайды жеті қырлы, бір сырлы ұстаз – деп білемін. Өйткені қолынан келмейтін өнері жоқ. Суретте салады , өлеңде, ән де жазады. Газет – журнал беттеріне шықпай қалған өлеңдері қаншама.Ал газет-жұрнал жазған өлеңдерін оқып, ұстазымды смақтамауға болмайды.
Гүлжаухар апай 2004 жылы төртінші қазан айында «Мектеп» журналына «Қазақ елі-Мәңгілік ел», «Жетімдер үйінде» өлеңдерін жазып, өзінің жан-жақты өнерлі екенін көрсете білді. «Жетімдер үйінде» -деген өлеңін «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Назарбаеваға арнаған. Ал, 2011 жыл желтоқсан айында «Алтын ұя» газетіне «Аға Қайраттан өсиет!» өлеңін жазып шығарған.
2015 жылы бесінші маусым күні «Кәсіподақ қорғаушым!» одан басқа 2015 жылдың тамыз айының бірі күні «Гүл сыйлайық ұстаздарға» өлеңдерін жазды. «Кәсіподақ—қорғаушым !», өлеңі Ордабасы ауданы кәсіподақ ұйымының ән-ұранына айналды. Бұл өлеңді әнге салып айтқанда жүрегің елжірейді.

Гүл сыйлайық ұстаздарға, Мамандығым—борышым , ақтаймын-деп,  Жыл бойына ізденіп, жатпайсың –тек. Кейде уақыт таппайсың өз балаңа, Өзгелердің баласын баптаймын—деп.
Ұлылықтың бастауы- биік шыңға, Ұстазыңсыз Ұлы боп, шыққан бар ма? Борыштармыз, шәкіртпіз, барлығымыз, Ұлыларды оқытқан ұстаздарға…
Осы өлең жолдарында ұстаздарға болған құрметі айқын көрінеді. Кез-келген адамның алдына қойған мақсаты болады. Сол мақсатына жету үшін адам алға ұмтылып, талпынады. Мақсат жолындағы қиындықтармен күресіп ,өмір сүреді. Егер мақсаты түзу болса, жаны таза жүрегі ақ болса, еңбектенсе, ол адам мақсатына жетеді, — деп ойлаймын.
Меніңде алдыма қойған бірнеше мақсатым бар. Мен ақын-жазушы болғым келеді.Ұстаздарым туралы кітап жазып шығаруды мақсат етем.
Ең қиын және ең жақсы мамандық – мұғалім мамандығы. Себебі: Ол мамандық үлкен жауапкершілікті талап етеді. Болашақ ұрпақтың сауатты , өнерлі жан-жақты білімді болуы ұстаздың мойнында. Біз ұстаздар болашақ ұрпақты тәрбиелейміз. Сол үшін біз: сауатты мәдениетті ,қайратты да сабырлы,ақылды да мейірімді болуымыз қажет. Сонда ғана біз оқытқан, біз тәрбиелеген балалардың болашағы жарқын болады. Мен ұстазыма – осы күнге дейінгі жасаған еңбегінің жемісін көріп, шығармашылық ізденісі арта берсін – деп, тілеймін.  Қорыта айтқанда, Абай атамыздың «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға»  — деген қағидасын әрдайым жүрегінің түкпірінде ұстайтын  ұстазымның күш- қайраты еш таусылмаса екен деймін.

Рисбаева Жансая Намиалиевна,
«Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
Оңтүстік Қазақстан Облысы.
Ордабасы ауданы.
Шұбарсу елді мекені.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.