Home » Балабақша » Берекелі Алтын күз!

Берекелі Алтын күз!

Багитова Акмарал Оржановна,
Ясли сад «Гүлдәурен»,
Атырау облысы,
Жылыой ауданы,
Құлсары қаласы

 

 

 

 

(Ән-әуен залында ата мен әже әңгімелесіп отырады) Ата: Күз қандай керемет мезгіл! Қазан толып еңбегіңнің жемісін көріп, адамзаттың нағыз той тойлар шағы емеспе. Әже: Иә, пішен шабылып, астық орылып, шаруаның біткеніне қуанған халқымыз күзде сабантой жасап жатушы еді. (Ән – әуен залына егінші қыз жүгіріп кіреді). Қуаныштың ағайын Қоңырауын қағайын, Қуандырып біздерді, Өлкемізге күз келді, Айнала сары ала Қырманға дән тола Жемістер пісіпті. Ендеше не тұрыс Сабантойын тойлайық, Қуаныштан билейік. (Балалар әуенмен залға кіреді)

Жүргізуші: Армысыздар халайық, Бармысыздар халайық, Сабантойды жұп жазбай, Бірге қарсы алайық. Ендеше, ортаға тақпақтарымен:

Мұхаммедали
Ой, балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты,
Қурап жапырақ солыпты.
Ел егінін орыпты.

Нұрбибі

Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін,
Бұл күндері киіпті.
Сары жібек көйлегін

Айсұлтан
Алма пісіп, алмұрт түсіп
Күзде бақтар жайнайды
Құстар қайтып,қош айтысып,
Қимас үнмен сайрайды.

Аяна
Жайдары күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз,
Дәнге толы ен далам

Айдана
Дариядай шалқып жүр,
Берексін сыйлауға
Өлкемізге күз келді,
Жемістерін жинауға

Ибрахим

Шақырады  біздерді,
Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан, алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап

Смадияр
Қайтқан құсты көрдің бе,
Қаптай ұшқан әуелеп
Күткен күзім,келдің бе,
Сыңсып бағың мәуелеп.

Ән «Сабантой» (Күз мезгілі кіреді) Күз: Сәлеметсіздер ме, балалар, мен күз ханшайымымын. Сендер күздің келуін асыға күттіңдер. Бүгін сіздердің сабантойларыңа қатысып, өнерлеріңді тамашалауға келдім және құр келмей ойын ала келдім. Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, күз ханшайымы. Жоғары шығыңыз. Біздің қыздар сізге әдемі би билеп береді. Би: «Ақша бұлттар» Жүргізуші: Ой, жарайсыңдар балалар ағылшын тілінде тақпақтарымен:

Айкөркем
Down down
Yellow and brown

Арсен
The leaves are falling
Over the town

Кәусар
Leaves are falling
Leaves are falling
One fell on my nose !

Әли Мәди
Leaves are falling
Leaves are falling
One fell on my toes!
Leaves are falling

Найла,Адина
Leaves are falling
One fell on my head!
Leaves are falling
Leaves are falling
Yellow, orange and red!
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар балалар, биді әдемі билеп, тақпақтарды жақсы айтады екенсіңдер. Сендерге өзімнің байлығым жемістер мен көкөністер ала келдім. Енді осы жемістер мен көкеністердің дәмін көріп қандай жеміс пен көкеніс екенін айтыңдаршы. Ойын: «Көкеніс пен жемістің дәмін ажырату» Жүргізуші: Енді биге кезек берейік. Би: «Сабантой» Жүргізуші: Алтын күзге арнаған тақпақтарымен:

Кәусар Ж
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ
Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ

Кәусар Т

Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды.
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды

Нұрасыл
Жел тынымсыз гуілдеп
Болып кетті тым бұзық
Шуылдайды тал терек
Жапырағын жұлғызып.

Думан
Ерекше күз енді
Айнала сар ала
Комбайын жүзеді
Толқыған далада

Расул
Көк аспаның мөлдіреп,
Алтын күзің елжіреп,
Асыр салып жүре бер.
Сар көйлегің желбіреп

Әсет
Жапырақтар жамырап
Сайға барып бекінді
Анасынан ажырап,
Қалған бала секілді.
Ализа

Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз
Жиып теріп болған соң
Той жасайды халқымыз
Мол өнімді жинаймыз
Елге бәрін сыйлаймыз
Жүргізуші: Өте тамаша балалар. Ортаға «Жау-жау, жаңбыр» әнімен Кәусар мен Перизат шығады. Би: «Саңырауқұлақтар» Ән: «Кап-кап» Жүргізуші: Осымен алтын күзге арнаған сабантойымызды аяқтаймыз. Еліміз тыныш болып алар өнімдеріміз көп болсын

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.