Home » Ашық сабақтар » Әріптер әлеміне саяхат

Әріптер әлеміне саяхат

Тобы: Ересек — «Ақкөгершін»

Білім беру саласы: «Коммуникация»

ҰОҚ: «Сауат ашу негіздері»

Мақсаты:

Білімділігі: Өтілген дыбыстар туралы білімдерін бекіту, Дыбыстық талдау жасай білуді үйрету. «З» дыбысы және әрпімен таныстыру.

Дамытушылығы: Буындарды, сөздерді оқу арқылы сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелігі: Таза әрі ұқыпты жаза білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, слайд, кеспе әріптер, суретті әріп.

Әдіс-тәсілдері:

  1. Шаттық шеңбері
  2. Саяхат
  3. Кемежайларға тоқталып, тапсырмалар орындау
  4. Жұмбақтар
  5. Үлестірмелі материалдармен жұмыс
  6. Д\о: «Жасырынған әріптер»
  7. Жаңа тақырыппен таныстыру
  8. Дәптермен жұмыс
  9. Сергіту сәті
  10. Схема бойынша әңгіме құрастыру.
  11. Дид\ойын: «Айтып берші» (үлестірмелі материалдармен)
  12. Қорытындылау

Жүру барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері

Қайырлы күн, балалар!

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген

Шуақ толы жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

— Сендердей ақылды, мейірімді, білімге құштар балаларды көргеніме мен бүгін қуаныштымын. Ендеше, сендер де сондай қуанышты жүзбен бір-бірлеріңе күлімсірей қарап, бас иіп амандасайық.

-Балалар, саяжайға немен шығуға болады? Келешек ұшақпен, автобуспен, пойызбен. Ендеше, біз қазір «Әріптер әлеміне» саяхат жасаймыз.

Кемемен әріптер кемесіне мініп кеттік.

(музыка әуенімен)

-Жолсерік кеменің капитаны – Әділет.

Әділет: — Құрметті жолаушылар! Біз сендермен таңғажайып «Әріптер әлеміне» саяхатқа шығамыз. Жолаушылар, өз орындарыңызға отырыңыздар!

(Әндете отырып, кемежайға келеді)

-Балалар, айналамызға қарайықшы, нелерді көріп тұрсыңдар?

-Әріптер, сөздер, буы ндарды көріп тұрмыз.

-Қандай оқу қызметі?

-Сауат ашу негіздері.

-Бұл оқу қызметінде нелермен танысамыз?

-Дыбыстар мен әріптермен танысамыз, жазу жазамыз, оқимыз.

-Жарайсыңдар.

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дауысты, дауыссыз болып екіге бөлінеді.

-Оларды қандай түсті текшелермен белгілейміз?

-Дауысты дыбыстарды қызыл, дауыссыз дыбыстарды көк түспен белгілейміз..

-Жарайсыңдар, демек қазір біз текшемен қандай дыбыс екенін айырамыз.

 

  1. «А» дыбысы кемежайына келдік.

-Мен сендерге жұмбақ жасырамын,жұмбақтың шешуін тауып,сол сөзге дыбыстық талдау жасау керек.

Жұмбақтар:

1.Аузы жоқ, тісі бар

Тындырған ісі бар.       (Ара)

 

  1. Кезікті бір жануар

Үстінде екі тауы бар.   (Түйе)

 

  1. «П»дан егер бастасаң,

Зообақтан тұрады.         (Піл)

 

  1. Жағасында бұлақ

Жайылып жүр лақ.       (лақ)

 

  1. Кесе, шыны, пиала

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейді

Бәрінің атын не дейді?    (ыдыс)

 

Ара, түйе, піл, лақ, ыдыс сөздеріне дыбыстық талдау жасйды.

 

  1. «Б» кемежайы «Сиқырлы буындар»

Буындарды қосып оқиды.

  1. «Т» әрпі кемежайы. «Сөзді нүктеден бастап сілтеме жолмен оқу және сөздерден сөйлем құрастыр»

Балалар сөзді нүктеден бастап сілтеме жолмен оқып,сөздерден сөйлем құрастырады.

  1. «М» әрпі кемежайы. Ребусты шешу

Балалар ребусты шешуге тырысады

  • Жарайсыңдар, балалар, сендер барлық кемежайлардың тапсырмаларды орындап шықтыңдар.
  1. Өткен тақырыпты еске түсіру.

-Балалар, өткен оқу қызметімізде қандай дыбыспен және әріппен таныстық?

-З дыбысымен таныстық.

-З дыбысы қандай дыбыс?

-З дыбыс дауыссыз дыбыс

-З дыбысынан келетін қандай сөздер білесіндер?

-Зебра, зымыран, қарбыз, көз, т.б.

«Жасырынған әріптер»

Жаңа тақырыппен таныстыру

Жаңа тақырып Ө дыбысы және әрпімен таныстыру

Ө әрпінің баспа түрін ауада жазу, сонан соң тақтада жазып көрсету.

-Тақтадан ненің суретін көріп тұрсыңдар?

-Өрмекші, өзен, көз, сөмке, т.б

Дәптермен жұмыс

Сергіту сәті:

Біз – бақытты балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз

Былай қанат қағамыз.

Схема бойынша «Өрік», «Өрнек», «Өзен» сөздеріне әңгіме құрайды.

Дид\ойын: «Айтып берші» (үлестірмелі материалдармен)

Балалар берілген карточкалардың ішіндегі әріптерге байланысты қандай дыбыс,сөз ойлап, сөйлем құрайды.

Қорытындылау:

— Балалар, біз бүгін саяхатқа қайда бардық?

— Кемемен кемежайларға бардық.

— Қандай тапсырмаларды орындадық?

— Орындаған тапсырмалар жөнінде айтады.

— Жаңа тақырыбымызда қандай дыбыспен, әріппен таныстық?

— Ө дыбысы және әрпімен таныстық.

— Ө дыбысы қандай дыбыс?

— Ө дыбысы дауысты дыбыс.

— Дұрыс, біз бүгін көптеген тапсырмаларды орындап, әріптер әлеміне саяхат жасадық.

— Бүгінгі саяхат сендерге ұнады ма?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Белсене қатысқан балаларды мадақтау, балаларға жұлдызшалар беру.

-Сіздердің білімдеріңіздің арқасында «Әріптер әлеміне» саяхатымыз сәтті аяқталды. Жақсы жауап беріп, белсенді қатысқандарыңызға көп-көп рахмет. Қонақтарға сау болыңыздар айтып, қоштасайық. Оқу қызметіміз аяқталды.

Дауитова Гулшат Сериковна 

№59 «Ақбөбек» балабақшасының

                           II санатты тәрбиешісі,

Атырау қаласы, Ақжар селосы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.