Home » Жаңалықтар » Балабақшалардағы үлгілік оқу

Балабақшалардағы үлгілік оқу

Май ауданының білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес  Көктөбе орта мектебінде балабақша меңгерушілері мен әдіскерлеріне арналған семинар-кеңес өтті. Күн тәртібіндегі мәселелері  бойынша  “Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын игеру бойынша балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізу” тақырыбында «Қарлығаш» бөбектер бақшасының меңгерушісі З.Д. Мухамедова сөз алса, «Ақбота» бөбектер бақшасының меңгерушісі Б.И. Байбусинова “Мектепке дейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі”  жөнінде мәлімдеді.

2017-2018 оқу жылында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білім беру үдерісін ұйымдастыру жөнінде әдістемелік кабинет әдіскері И. Аубакирова ойын толықтырды.

Л. Жүнісбекова

Білім айнасы,

Павлодар

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.