Home » Баяндамалар » Әлеуметтік педагогтың жетім балалармен жұмысы

Әлеуметтік педагогтың жетім балалармен жұмысы

Егемен еліміз талай тағдырды басынан өткеріп жатыр. Бүгінгі заман – кез келген баланың басқалармен терезесі тең өмір сүруді талап ететін заман. Сондықтан да 16 миллион халықтың 16 мың жетімі бар… деп қарап отыруға болмайды.

Жәудіреген көздеріне қарасаңыз қазақтың қаракөз балалары. Халқымыз қашанда жетімін жылатпай, жесірін құлатпай аялап келген еді… Қазір ше… не болды? Осы сұрақтардың жауабын іздеп көрейін.

«Заң – әр Жетім, тірілей жетім балалар тағдыры – бұл дүниежүзілік мәселе. Әлемде балаларын тәрбиелей алмайтын, оларды шетелге асыру негізінен кедей
Қазақстанда 92 мың 573 бала мемлекет қамқорлығында. Оның 116-сы – жетімдер, 3 мыңы қамқорсыз қалғандар.

Қазақстанда «Неке және отбасы туралы» Заң 1998 Мемлекетімізде жетім балалардың жағдайы мәз емес екендігі жөнінде заң қабылданып жүзеге асырыла бастады. Әр баланың жеке өсу процесіне, оның  ішінде халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі баланың да мінез-құлқы мен білім алуына тікелей әсер етеді.

Жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынан  айрылған балаларға арналған мектеп-интернаттар. Интернат (латын  тілінен аударғанда internus – ішкі деген мағынаны білдіреді) — артылай немесе толық мемлекеттік қамтамасыздандырудағы білім беру мекемесі, мұнда балалар тұрады, білім алады, яғни олар күтіммен қамтамасыздандырылатын үй.

Еркін елдің еңсесі биік, ертеңі нұрлы. Нұрлы, шуақты өмірде өзгелермен бірге  көңілі қаяу жандар да бар. Ол – жетімдер. Қазақстан бойынша бүгінде 94 мың бала жетімдер үйінде тәрбиеленсе, осы  бүлдіршіндердің 80 пайызының әкесі, не шешесі тірі бола тұра қараусыз тастандылар  санатын толтыратынын айтсаңшы. Жетімдік қасіретін тек өз басынан өткізген жан ғана біледі, түсінеді. Ал, осы зауалы көп жетімдікпен күресу мәселесімен тек мемлекет қана емес, үкіметтік емес ұйымдар да айналыса бастады.

Бүгінде елімізде білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарында 16 мыңнан астам ата-ана қамқорлығынан түбегейлі айрылған балалар тәрбиеленуде. Оның 3 мыңнан астамы түрлі себептермен ата-анасы бас тартқандар, 1000-ға жуығы жарық дүние есігін ашқалы тастанды атанған бейкүнәлар, 5 мыңнан астамы ата-аналық құқықтан айрылғандардың сормаңдай перзенттері.

Психолог мамандарының айтуынша, ата-ана алақанының жылуына шөміркеп өскен баланың есейген соң қоғамға белсене араласып кетуі  екіталай. Балалар үйінің тәрбиесін алғандардардың жанұядағы өскен  балаларға қарағанда тіршілік ету  әрекеті әлдеқайда төмен болады. Бір өкініштісі, жастайынан жетімдіктің  тақсіретін тартқан бала 18-ге толған соң тағы да өз күнін өзі көруіне тура келеді. Қатал қоғамның ешуақытта оның басынан сипамасы анық. Кеудесінен кері итерген қоғамның қатыгездігінен морт сынатындар да осы қамкөңіл жандар. Бүгінде ішімдікке салынып, есірткіге  есін алдыратын жасөспірімдер мен өз-өзіне қол жұмсайтындардың дені ата-ана қамқорлығынсыз өскен балалар екен. Кезінде ата бабамыз бір қауым елді құрайтын ұрпағы болса  да, көпсінбей, керісінше көз тиеді деп балаларының нақты санын да айтуға қорыққан.

Айталық, бүгінде жетім балалар паналайтын мекемелерде 16 мыңнан астам  бала тәрбие көреді. Оның 3 мыңнан астамы тұлдыр жетімдер, 1922 баланы бағудан  жақындары бас тартқан, 1019-ы тастанды сәбилер. Сол сияқты, панасыз қалған – 6 мың бала, 1146 түрмеде мерзімін өткеріп жатқандардың, 3 мың іздеуде  жүрген қашқындардың, 1 мың медициналық  мекемелерде емделіп жатқандардың баласына осы мекеменің дәм-тұзы бұйырып отыр. Дегенмен, Алла әлемнің тепе-теңдігін сақтаған ғой, “жетім көрсең, жебей  жүр” дейтін қағиданы ұстанған қайырымды жандардың жүрегі қашан да қараусыз қалған сәбилерге елжіреп тұратын болса керек. 2004 жылы құрылған “Бала үміті” атты қоғамдық қайырымдылық қоры қазір Қазақстан Республикасы Конституциясының негізінде жұмыс істеуде.

Бүгінде заман әртүрлі тараптағы жетімдер үйлерін қоғамға қажет деп тауып ашып отыр. Балалар үйлерінің пайда болуы балалардың психикалық дамуына  қаншалықты ықпал ететіндігін қарастыруға ұмтылу және аса қалыпты емес қатынасын, сонымен қатар «институализация» мәселесін, яғни қоғамдық балалар үйлерін аралайтын баланың тұлғалық мінез-құлығын қалыптасуында көптеген өзгешеліктер мен ерекшеліктер болатыны мәлім. Осыған орай, шетелдегі капиталистік мемлекеттерде ұзақ уақыт бойы бұл мекемелердегі балалардың дамуы  өте төмен деген пікір бар. Көптеген ғалымдар мекемелердің балалар психикасына әсері бар деген және теріс әсер етуін анық көрсетіп берген. Расында да, толық отбасында өскен балалар мен толық емес отбасындағы балаларға тәжірибе жасап көрдім. Екі баланың арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Толық отбасында өскен бала үнемі көңілді жүреді. Ал, отбасы жоқ балалардың қабағы жабыңқы, көңілсіз жүреді.

Р. Заззо (1967) француз жұмысшылары ясли және бала бақшаларының құрылуына  бастапқыда қарсы болғанын жазған болатын. Өйткені оның пікірінше олар балалардан «ақымақтар жасап шығаратынынан» қорықты. Отбасы мен ата-ана қамқорлығынан айрылған балаларды тәрбиелеу жағдайлары ерекше алаң туғызды.

Р. Спиц (1945) баланың  ақырғы «институализации»  формасы  – «госпитализмнің драматикалық бейнелерін сипаттады, оның мәліметтері бойынша. Аналарынан айрылған жабық мекемелердегі шамамамен 70% дейінгі  балалар өмірінің алғашқы жылдарында қайтыс болады,  ал қалғандарының  ойлау қабілеттері төмен. Автор  мұндай байқауларды Батыс Германияның балалар үйлерінде байқады.

Ағылшын психологы Дж. Боулби жарты ғасырдан астам аналық қарым-қатынастан айрылған балалардың даму мәселесімен айналысты. Оның пікірінше «баланың жастайынан дұрыс дамуы үшін тек биологиялық анасымен байланыс қажет», деп түсіндіреді. Әрине, солайы, солай. Өкінішке орай, біз қалағандай болмайтыны айдан анық.

Кеңес психиатры М.И. Буянов байқағандай, «Жарты ғасырдан аса Боулби жазғандары ішінен тек бір нәрсені: Бала мінезінің үйлесімді дамуы үшін ана қамқорлығы қажеттігін мойындауға болады, бірақ бұл қандай қамқорлық, бұл неден байқалу қажет және т.с.с. –бұл әлі шешілмеген және нақтылауды қажет етеді», деп тұжырым жасаған болатын. Ал, балалардың алдында ұстаздықтан бөлек мейірім танытсаңыз, оларға ол ана мейірімі болып сезіледі.

У.Денис пен П.Наджарьян (1957) Ливандағы 100 жетімді зерттеуге алды. Приюттағы балалар отбасындағы балалардан өмірінің алғашқы жылдарының соңында шынымен лезде қалып қойғандарына олардың көздері жетті. Оның себебі берілген приютқа тән және толығымен жоюға болатын нақты жағдайлар. Авторлар тәрбиешілердің балаларға деген немқұрайдылығын, ал балалардың керісінше құштарлығын байқады. Бұдан басқа приютта өте аз ойыншықтар болды, балалар негізгі уақытын төсекте қабырғаға қараумен өткізеді. Айтуға ғана оңай болуы мүмкін. Ал, шын мәнінде жетім балалармен әлеуметтік ұстаз ретінде жұмыс істеудің көптеген қиындықтары бар.

Қорыта айтқанда, жетім балаларды тәрбиелеу қиындығы мен қызығы мол. Өйткені бір сәт болсада осы балалардың жанына жылылық сыйлаймыз. Олардың арасындағы мінезі нашар балалардың мінезін түзеп, өмірге жолдама беретінімізге қауанамын. Енді жетіміміз жыламасын!

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Байярд Р.Т., Байярд Д. Ваш беспокойный подросток,- М., 1995
  2. Берне Р. Развитие «Я» концепции и воспитание.-М., 1986
  3. Битянова Р.Н. Психология личностного роста: практическое пособие по
  4. проведению тренинга личностного роста психологов, педагогов, соц. работников. -М., 1995
  5. Битянова М.Р. Организация психологической работы в школе.- М., 1998
  6. Божович Л.И. Психологическое изучение детей в школе-интернате. -М., 1960
  7. Буянов М.И. Ребенок из неблагополучной семьи. –М.: Просвещение

1988г.

Харипова Гульмира Сайрановна,
облыстық үлгідегі балалар ауылының
әлеуметтік педагог,
Солтүстік Қазақстан облысы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.