Home » Поэзия » Ұстаз — мектеп жүрегі

Ұстаз — мектеп жүрегі

Ұстаздық — мамандық төресі,
Ұстазсыз жүрмейді білімнің кемесі.
Ұстаздың алдынан өтпеген пендеге
Қараңғы бұлыңғыр өмірдің елесі.

 

Елінің ертеңгі болашақ иесін,
Мұғалім оқытып, байыппен баптайды.
Үлкен де, кіші де, дара да, дана да,
Ұстазын мәңгілік жүректе сақтайды.

 

Еңбегі ересен ұстаздың үлгілі,
Білімнің шыңына шырқайды ұл-қызы.
Биіктен қол бұлғап қараса түлегі,
Болады жарқырап жанғандай жұлдызы.

 

Білімнің алауын маздатып жағады,
Шәкірті бойына қуатын алады.
Жыл сайын түлегін ұшырып ұядан,
Қол бұлғап көзіне жас алып қалады.

 

Мәңгілік өшпейтін ұмытылмас ұлы есім,
Шындықтың шыңында ұстазбен біргесің.
Жаныңа кең өріс, нұрлы өмір сыйлаған,
Ұстазың екенін бәрің де білесің.

 

Шәкірттің шаттығы – әр ұстаз тілегі,
Шәкірттің жеткенін бақыт деп біледі.
Білімнің діңгегі, тәрбие қазығы,
Ұстаздар – мәңгілік мектептің жүрегі.

                                                                              СЕЙТОВА Кулбаршын Аркалыковна,
С. Торайғыров атындағы
№ 22 гимназия-мектебінің мұғалімі
Павлодар облысы,
Екібастұз қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.