Отбасы – жасөсіпімдерді әлеуметтендірудегі өте маңызды институт. Ол бірқатар өлшемдермен анықталынады. Олар:
- әлеуметтік мәдени өлшемі;
- әлеуметтік экономикалық өлшемі;
- техникалық-гигиеналық жағдайы;
- демографиялық жағдайы.
Әлеуметтік педагогтың ата-аналармен жүргізетін жұмысы аса маңызды болып саналады. Дұрыс ұйымдастырылған жұмыс жабық (құпия) үйрету сипатына ие болады. Әлеуметтік педагог отбасы тәрбиесінің үлгілі, оңды тәжірибесіне сүйенеді; оны жан-жақты зерттеп, жинақтап, таратады; оңды ой-пікірлерді күшейтіп, терісін реттеп тәрбие процесінде пайдаланады. Сондықтан:
- Тәрбиешілер мен ата-аналардың өзара сенімділік қарым-қатынастары оңды бағытталған, бірігіп ықпал етудің шешуші және алғашқы шарты болып табылады. Ата-аналардың тәрбиеге көзқарасын жандандырып, табысқа жетуге қажеттілік және өз күшіне сенімділік тудыру үшін дұрыс байланыс орнатудың маңызы зор.
- Әлеуметтік педагогтың неғұрлым маңызды міндеттерінің бірі ата-аналарды педагогикалық білім мен дағдыға, оның теориялық және практикалық ықылымдарын меңгеруіне, әсіресе тәрбиені ұйымдастыру шеберлігіне жетілдіру болып табылады.
Әлеуметтік педагогтың отбасымен бірлесе әрекет етуін ұйымдастыруы мына мүмкіндіктерді тудырады:
- өз балалары мен сынып оқушыларын тәрбиелеуде этнопедагогикалық потенциалын анықтау мақсатында отбасы мен туысқандарын зерттеу;
- ата-аналардың адамгершілік, әлеуметтік мүмкіндіктері принципіне қарай отбасыларын топтарға бөлу;
- ата-аналармен бірлесіп әрекет жасау бағдарламасын құру;
- өзара тәрбие қызметіндегі ағымдағы және ақырғы нәтижелерді зерттеу;
- баланың отбасын зерттеу, оның өмір сүру қағидаларын, көп құрылымдығын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, рухани құндылықтарын тәрбие мүмкіндіктерін, оқушының ата-аналарымен қарым-қатынасын терең түсіну – әлеуметтік педагогтың отбасына етене жақындау.
Мұнымен қатар, әлеуметтік педагог кешенді дәстүрлерді, әдіс-тәсілдерді, психологиялық-педагогикалық диагностиканы: бақылау, байқау, пікірлесу, тестілеу, анкета жүргізу, іскерлік ойындар өткізу, балалар шығармашылығын пайдалану, т.б. жүргізе алады.
Әлеуметтік педагог төмендегі ережелерді сақтауы тиіс:
- ата-аналар мен балалар өзін зерттеу объектісі ретінде сезінбеуі тиіс;
- зерттеу мақсатты, жоспарлы, үздіксіз және системалы жүргізілуі тиіс;
- зерттеу әдістері халықтық дәстүрлі тәрбие әдістерімен байланыста болуы тиіс;
- психологиялық-педагогикалық әдістер әртүрлі, санқилы кешенді пайдаланылуы тиіс.
Иманалиева Гульназ Оразалиевна,
«Тараз қаласы әкімдігінің
білім бөлімінің
Төле би атындағы №8 гимназиясы» КММ
әлеуметтік педагогы
Жамбыл облысы, Тараз қаласы