Home » Мақалалар » Әлем тілдерімен үндестік

Әлем тілдерімен үндестік

Қазақ әліпбиін латын графикасына негізделген жаңа әліпбиге кезең-кезеңімен көшіру мәселесі шеңберінде 2019 жылдың 2 ақпан күні Қызылорда қаласындағы №101 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен «Әлем тілдерімен үндестік» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шараның басты мақсаты – мектеп оқушылары мен  ұстаздарға Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мемлекеттік тілді және жаңа әліпбиді кезең-кезеңімен енгізуді насихаттау .

Латын негізді қазақ әліпбиіне көшу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуге Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің  филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Аман Мәделханұлы Абасилов және тарих ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан халықтары Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Айтжан Жұмабайұлы Оразбақов арнайы шақырылды. Кездесу барысында  мемлекеттік тілдің ғылым-білім, қоғамдық көпшілік орындарда қолданылуы туралы, патриоттық, жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңыздылығы туралы сөз қозғалып, шараға қатысушылар өзара пікір алмасты. Қатысушылар қызығушылықтарын білдіріп, бірқатар сұрақтар қойып, ғалымдар тарапынан жауап алды. Шара соңында №101 мектеп-лицей директоры Өткелбаева Айгүл Алтынбекқызы Қазақстанның дамуы үшін латын әліпбиіне көшу маңызды рөл атқаратынын, Президент мәлімдемесінде айтылған басым бағыттардың жүзеге асырылуына барлық күш-жігерімізді салу қажеттілігін атап өтті.

 

Тілеубергенова Гүлназ Жаппарбергенқызы,
Қызылорда қаласы №101 мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.